Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының
кезекті қырқыншы сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының қырқыншы сессиясы 2026 жылы 10 маусым күні сағат 15:00-ге Жетібай ауылы Өнер мектебіне шақырылсын.
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:
- 2025 жылға арналған аудан және ауыл бюджетінің орындалысы жөніндегі есепті бекіту туралы;
- Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Аудандық құрылыс бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Өзге де мәселелер.



