«БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕГАТА-2026» байқауы

    «БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕГАТА-2026» байқауы
    Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 сәуір күні биология биология пәнінен педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, педагогикалық шеберлігін жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында биология пәні мұғалімдері арасында «БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕГАТА-2026» байқауы Орал қаласы Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өткізілді.
    Байқау үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – теориялық бөлім (тапсырмалар), екінші кезең – практикалық, үшінші кезең – биологиялық логика бөлімінен тұрды.
    Байқау қорытындысы бойынша «BioИмпульс» тобының мүшелері: Амангелді НОМ биология пәні мұғалімі Бисенгалиева Айкерим Кенесовна, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ мұғалімі Саркулова Нуршат Толегеновна, Шыңғырлау ЖОББМ мұғалімі Байменова Саида Сериковна, Л.Қылышев атындағы ЖОББМ мұғалімі Утенова Ажар Танатаровна «Биология бағытының навигаторы» номинациясына ие болды.Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз.
    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.