
Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығы мен «EduMAX» ЖШС-нің бірлескен жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде «Ауыл мектебі: тең мүмкіндіктер» жобасы аясында физика, химия және биология пәндері мұғалімдері арасында облыстық олимпиада өткізілді.
Аталған іс-шараға 20 толық және 51 шағын жинақты мектептің педагогтері қатысып, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, пәндік білім деңгейін бағалау, сондай-ақ дарынды әрі шығармашыл ұстаздарды ынталандыру мақсат етілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
І орын:
Каукиева Аягуль Гиззатуллиновна — А.Тихоненко атындағы ЖОББМ, химия пәнінің мұғалімі
Бисенгалиева Айкерим Кенесовна — Амангелді НОМ, биология пәнінің мұғалімі
ІІІ орын:
Сапакова Алмаш Сериковна — А.Тихоненко атындағы ЖОББМ, физика пәнінің мұғалімі
Ажгалиева Жулдыз Сансызбаевна — Ақтау ауылы НББОМ, биология пәнінің мұғалімі
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!


