“Былғары доп” – жас таланттардың алаңы!

    “Былғары доп” – жас таланттардың алаңы!
    2026 жылдың 13 сәуір күні 9–11 сынып оқушылары арасында футболдан “Былғары доп” ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
    Аталған жарысқа Л. Қылышев, Алмаз, Шыңғырлау және Тихоненко мектептерінің командалары қатысып, өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті.
    Жарыс қортындысы бойынша,
    1 орын - Шыңғырлау ЖОББМ
    2 орын - Алмаз МББК
    3 орын - Л.Қылышев ЖОББМ
    Жас футболшылар алаңда шеберліктерін шыңдап, командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін айқын дәлелдеді.
    Жарыс барысында әр команда өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жанкүйерлерге керемет көңіл күй сыйлады. Осындай спорттық шаралар оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, достық қарым-қатынасты нығайтуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді.
    🏆 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.