
АӘК жұмыс жоспарына сәйкес «Критериалды бағалау арқылы DATA жинау: тиімді сабақ жоспарлаудың негізі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне аудандық семинар-практикум оздырылды.Семинар жұмысы үш бөлімнен тұрды.
І. «Сабақ – шығармашылық пен тәжірибе алмасу алаңы»
Бұл бөлімде сабақ өткізіліп, сабақ барысында критериалды бағалау арқылы деректер жинау, оны талдау және тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдер мен практикалық ұсыныстар ұсынды. Қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу жүргізілді.
Бұл кезеңде қатысушылар топтық практикалық жұмыс орындап, критериалды бағалау негізінде деректер жинау, оларды жүйелеу, талдау және сабақ жоспарлауда тиімді қолдану жолдарын қарастырды. Әр топ нақты тапсырмалар арқылы оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін құрастырып, дескрипторлар әзірледі және алынған деректерге сүйене отырып, сабақтың келесі қадамдарын жоспарлау дағдыларын жетілдірді.
Шара барысында педагогтерге практикалық маңызы бар материалдар ұсынды. Алынған ақпарат пен әдістерді сабақ үдерісінде және тәжірибеде тиімді қолдану ұсынылды.



