
2026 жылдың 27 ақпанында сағат 09:00-де Л. Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен кезекті іс-шара өткізілді.
• Іс-шараның тақырыбы: «Тарихи аналитика: дереккөздермен жұмыс және фактілерді бағалау»
• Мақсаты: Тарих пәні мұғалімдерінің тарихи дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, GROW моделі негізінде қысқа мерзімді сабақ жоспарын (ҚМЖ) сыни тұрғыдан талдауды үйрету және фактілерді бағалаудың аналитикалық әдістерін оқу процесіне тиімді енгізу әдістемесін меңгерту.
• Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер берілген тақырып бойынша Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын (ҚМЖ) өздігінен және топтасып әзірледі. Жоспарлау барысында тарихи дереккөздермен жұмыс істеу белсенділіктері мен фактілерді бағалау әдістерін сабақ кезеңдеріне тиімді кіріктіруге баса назар аударылды.
• Әзірленген сабақ жоспарларын өзара бағалау және жетілдіру мақсатында GROW коучинг моделі қолданылып, келесі алгоритм бойынша терең талдау (рефлексия) жасалды: Семинар аясында қатысушылар оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттыру үшін тарихи құжаттармен, жәдігерлермен және мәтіндермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Практикалық бөлімде мұғалімдер GROW (Goal — Мақсат, Reality — Шындық, Options — Мүмкіндіктер, Will — Ниет/Қадам) коучинг моделін қолдана отырып, өздерінің ҚМЖ (сабақ жоспарларын) сыни тұрғыдан талдап, сабақ тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, тарихи фактілердің шынайылығын бағалаудың аналитикалық құралдарын сабақ үрдісіне кіріктіру әдістемесі пысықталды. Қатысушы педагогтар тарихи аналитика әдістерін меңгеріп, сабақты жоспарлауда коучингтік тәсілдерді қолдану бойынша бағыт-бағдар алды. Семинар соңында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, кері байланыс орнатты.



