МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев, Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахованың қатысуымен Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
    Бақылау барысында мекемедегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы зерделеніп, қызмет алушыларға арналған ақпараттық стендтердің жай-күйі, өтініш үлгілерінің орналастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы және азаматтарды қабылдау үдерісінің ұйымдастырылу деңгейі қаралды.
    Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, қажетті ақпараттардың анық әрі түсінікті орналастырылуы, ғимараттағы дабыл батырмаларының жарамдылығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған қолайлы жағдайлар және өзге де маңызды мәселелер назарға алынды.
    Қоғамдық бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызметтерді тиісті деңгейде ұйымдастыру бағытында бірқатар ұсынымдар берілді.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.