
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен терроризмге қарсы және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, төтенше жағдайлар бөлімі, құзырлы мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Дәуіржан Абраев және мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы Ұлжан Шекеева баяндама жасады.
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылықтардың, алаяқтық қылмыстарының, оның ішінде интернет алаяқтығының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерман Нұрәділ хабарлама жасады.
Жиын барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жіті назарға алды. Көрсеткіштер мен цифрларға ғана сүйенбей, нақты нәтижеге бағытталған жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Жауапты сала жетекшілеріне қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуді тапсырды.


