
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы С.Т. Джузбаеваның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулердің сақталуы, әлеуметтік кепілдіктер мәселелері және заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу, қызметтік автокөліктерді тек лауазымдық міндеттерді орындау және рұқсат етілген қызметтік мақсаттарда пайдалану мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге ойын-сауық мекемелеріне баруға, сондай-ақ құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салынатыны туралы ескертілді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.



