
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыс аумағындағы фармацевтикалық ұйым өкілдерінің қатысуымен ZOOM ақпараттық платформасы арқылы онлайн форматта жиналыс өткізілді.
Жиналысты Департамент басшысы Жанерке Алмасқызы Жақсылық ашып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелерге, заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ халықты сапалы әрі қауіпсіз фармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз ету міндеттеріне тоқталды.
Жиналыс барысында тиісті фармацевтикалық практикаларды (GxP) енгізу, рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидалары, дәрілік заттардың саудалық атауларына қатысты шекті бағаларды қолдану тәртібі, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері қаралды. Сонымен қатар, фармацевтикалық ұйымдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құжаттарды белгіленген тәртіпте және мерзімінде ұсыну қажеттілігі түсіндірілді.
Жиналыс соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.


