АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

    АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

    Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

    2026 жылғы 18 маусымдағы №6

    ШЕШІМІ

    Сегізінші шақырылымдағы

    Сауран аудандық мәслихатының

    кезекті қырық алтыншы

    сессиясын шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, 2026 жылғы 26 маусымда сағат 15:00-де Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы шақырылсын.

    Сауран аудандық

    мәслихатының төрағасы С.Байсбаев

    АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

    Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

    аудан халқының назарына!

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 15:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (1-қабаттағы кіші мәжіліс залы).

    Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 26 маусым сағат 14:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

    1. Сауран ауданы әкімдігінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерін қарау және бекіту туралы;
    2. Сауран аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы;
    3. Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы;
    4. Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
    5. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
    6. Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
    7. Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
    8. Үшқайық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
    9. Жібек жолы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
    10. Жүйнек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
    11. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
    12. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық және спорт түрлерін дамыту клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
    13. Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сауран жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
    14. Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
    15. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы;
    16. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
    17. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
    18. Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №299 «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    19. Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №300 «Сауран ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

    Сауран аудандық

    мәслихатының төрағасы С.Байсбаев

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.