СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨМІР КЕПІЛІ

    СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨМІР КЕПІЛІ

    Жаз мезгілінің келуімен тұрғындардың өзен-көлдер мен су айдындарында демалуы көбейеді. Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әр азамат суда демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануы қажет.

    Суға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана түсу керек. Мас күйінде суға шомылуға, белгіленбеген жерлерден секіруге, жүзуді білмейтін адамдардың жалғыз суға түсуіне болмайды. Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады. Ата-аналар балаларын үнемі бақылауда ұстап, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп отыруы тиіс.

    Қайықпен немесе басқа да жүзу құралдарымен серуендеген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Ауа райының қолайсыз кезінде суға шығудан бас тартқан жөн.

    Егер төтенше жағдай орын алса, үрейге бой алдырмай, дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

    Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін қорғаудың кепілі. Әрқайсымыз жауапкершілік танытып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырайық. Өйткені суда сақтық – адам өмірінің кепілі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.