
Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті қырық екінші сессиясы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар отырысы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 15.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің және Түркістан облысы бойынша
тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы.
- Қазығұрт ауданы ауылдық округтері әкімдерінің және Түркістан
облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы.
- Қарабауауылдық округі әкімінің есебі туралы.
- Инвестициялар тарту, ауданымыздың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру
бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы округі, Қызылқия,
Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, Атажұрт елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе:Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.



