«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» байқауы өз мәресіне жетті.

    «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» байқауы өз мәресіне жетті.

    2026 жылғы 12 маусымда Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» қалалық байқауы өтті. Байқауға 12 этнос өкілі қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша Үздік цифрлы контент - қатысушылар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнімдерін ұсынса, екінші кезеңде Қазақ тілін үйретудегі тиімді әдістер - қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді көрсетіп, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Байқаудың қазылар алқасы құрамына білім саласының үздігі, Шымкент қаласының құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, белгілі журналист және тіл мамандары қатысты.

    Олар байқау қатысушыларының ұсынған материалдарының тақырыпқа сәйкестігіне, нақтылығына және шынайылығына, ақпараттың өзектілігіне және материалды ұсыну шеберлігіне баса назар аударды. Олар қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен кәсібилігін жоғары бағалап, байқау қорытындысы бойынша төмендегідей шешім қабылдады:

    БАС ЖҮЛДЕ: Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Комилхон Бахтиярович Исмоилов;

    I ОРЫН: Шымкент қаласы ТЖД Тұран ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі Роман Александрович Письменский;

    II ОРЫН : М.Маметова атындағы №111 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зулайхо Алимжановна Тоганбаева, «Сұңқар» мектеп-гимназиясы ЖШС, бастауыш сынып мұғалімі Ангелина Николаевна Меньшикова;

    III ОРЫН: Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенті Зилола Хайруллақызы Давранова, Шымкент қаласы Полиция департаменті Тылды қамтамасыз ету басқармасы ТҚеБ-ның Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану тобының технигі Зарина Жалиновна Каратаева және №51 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Малика Абдувахитовна Розметовалар иеленді. Қалған қатысушылар арнайы номинациямен мараатталып, барлық қатысушыларға арнайы дилом, алғысхат және бағалы сыйлықтар табысталды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.