Жаңалық

    Жаңалық
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ
    🏊🏻‍♂️ Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мәселесі қаралды. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
    💬 – Шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында насихаттық және түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Соңғы үш жылда суға кету оқиғалары көп тіркелген аумақтарды зерделеп, ескерту тақталарын орнату маңызды. Облыс аумағында барлық су айдындарында шомылу маусымын қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
    📑 Мәжілісте Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдат Чайзада өңірдегі судағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндама жасады. Биыл 23 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары негізінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
    ⛲️ Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда суға кету деректері 34 пайызға төмендегенімен, әлі де қайғылы оқиғалар кездесуде. Мамандардың мәліметінше, қайғылы оқиғалардың 95 пайызы жабдықталмаған, шомылуға рұқсат етілмеген орындарда тіркелген. Негізгі себептер – қауіпсіздік талаптарын сақтамау, балаларды қараусыз қалдыру және белгіленбеген жерде суға түсу.
    🔍 Осыған байланысты өңірде күн сайын рейдтер ұйымдастырылуда. Рейд барысында судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 107 азаматқа жалпы 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар 247 адамға әкімшілік ескерту берілді.
    🔖 Облыста шомылуға арналған 53 жағажай белгіленген. Алайда тексеру нәтижесінде олардың көпшілігінде кемшіліктер анықталған. Қосымша 17 жағажай ашу жоспарланып отыр.
    🎯 Балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында шомылу орындары жоқ елді мекендерге модульді бассейндер орнату жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған 900 бассейннің бүгінде 441-і пайдалануға берілген.
    Сонымен қатар облыстағы 111 қауіпті учаскеге ескерту тақтайшалары, ақпараттық стендтер мен арнайы белгілер орнатылған. Биыл тағы 1750 тыйым салу белгісін орналастыру көзделген.
    Төтенше жағдайлар департаменті судағы қайғылы оқиғалар жиі қайталанатын «ыстық нүктелерді» ерекше бақылауға алған. Атап айтқанда, Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Шардара және Ордабасы аудандарындағы магистральды және суару каналдарында бақылау күшейтілді.
    🏄🏻‍♂️ Балаларды жүзуге үйрету жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі таңда 45 кәсіпкермен меморандум жасау қолға алынып, оның нәтижесінде 1672 бала тегін жүзуді меңгеріп, арнайы дайындықтан өткен.
    🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    ***
    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСИЛЕНЫ МЕРЫ БЕЗОПАСНОСТИ В КУПАЛЬНЫЙ СЕЗОН
    Вопросы безопасного проведения купального сезона были рассмотрены на еженедельном заседании аппарата акима Туркестанской области. В ходе совещания аким области Нуралхан Кушеров дал конкретные поручения ответственным управлениям и акимам районов и городов.
    – В целях усиления мер безопасности в купальный сезон необходимо активизировать информационно-разъяснительную работу. Важно изучить участки, где за последние три года чаще всего фиксировались случаи утопления, и установить там предупреждающие знаки. Поручаю держать под строгим контролем купальный сезон на всех водоемах на территории области, – подчеркнул Н. Кушеров.
    На заседании с докладом о мерах безопасности на воде в регионе выступил руководитель областного департамента по чрезвычайным ситуациям Багдат Чайзада. В текущем году работа по обеспечению безопасности на водоемах ведется на основании плана мероприятий, состоящего из 23 пунктов.
    Несмотря на то, что по сравнению с аналогичным периодом прошлого года количество случаев утопления снизилось на 34%, трагические происшествия все еще имеют место. По данным специалистов, 95% трагедий зарегистрированы в необорудованных и запрещенных для купания местах. Основными причинами остаются несоблюдение требований безопасности, оставление детей без присмотра и купание в неустановленных местах.
    В связи с этим в регионе ежедневно организуются рейды. В ходе рейдовых мероприятий на 107 граждан, нарушивших правила безопасности на воде, были наложены штрафы на общую сумму более 1,6 млн тенге. Кроме того, 247 человек получили административные предупреждения.
    Всего в области определено 53 пляжа для купания. Однако по результатам проверок на большинстве из них были выявлены недостатки. Дополнительно планируется открыть еще 17 пляжей.
    Для обеспечения безопасного отдыха детей продолжается работа по установке модульных бассейнов в населенных пунктах, где отсутствуют естественные места для купания. Из 900 запланированных бассейнов на сегодняшний день в эксплуатацию введен 441.
    Помимо этого, на 111 опасных участках области установлены предупреждающие таблички, информационные стенды и специальные знаки. В текущем году планируется разместить еще 1 750 запрещающих знаков.
    Департамент по чрезвычайным ситуациям взял под особый контроль «горячие точки», где чаще всего повторяются трагические случаи на воде. В частности, усилен контроль на магистральных и оросительных каналах в Келесском, Сарыагашском, Мактааральском, Жетысайском, Шардаринском и Ордабасинском районах.
    Также продолжается работа по обучению детей плаванию. На данный момент ведется работа по заключению меморандумов с 45 предпринимателями, благодаря чему 1 672 ребенка уже прошли специальную подготовку и бесплатно обучились плаванию.
    Пресс-служба акима Туркестанской области
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.