Дүниежүзілік Банк делегациясы мен Танзания Республикасының өкілдері Әділет министрлігіне келді

    Дүниежүзілік Банк делегациясы мен Танзания Республикасының өкілдері Әділет министрлігіне келді

    2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Келісім «Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы» шеңберінде Дүниежүзілік Банк делегациясы мен Танзания Республикасының сот төрелігі органдарының өкілдері Әділет министрлігіне келді.

    Әділет министрі М.Бекетаевтың төрағалығымен өткен кездесу барысында Дүниежүзілік Банк өкілдерімен тіркеу қызметі, мемлекет кепілдік берген заң көмегі, нотариат қызметі, сот актілерін орындау жүйесі, зияткерлік меншік құқығын қорғау, сот сараптамасы, стратегиялық басқару, нормалық шығармашылық үдерісі және ҚР әділет органдарының басқа салаларын бұдан әрі жетілдіру жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру бойынша мәселелер талқыланды.

    Әділет министрлігі Танзания әділет органдарының әріптестерімен ҚР құқықтық саясатын іске асыру шеңберіндегі әділет органдарының жүйесін реформалау бойынша тәжірибемен бөлісті.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.