Болашақтың бағдары

    Болашақтың бағдары

    Қазақстанның ширек ғасырда бейбітшілік пен қоғамдық келісім салтанат құрған көпұлтты халықтың алтын көпіріне айналғаны баршамызға ортақ мақтанышымыз. Президентіміз еліміздегі ең басты мәселелерді мерзімінде шешумен қатар мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын қарқынды жүргізіп келеді.

    Елбасымыз халқымыздың есен-саулығына, медициналық қызметтің сапасы мен дәрі-дәрмектің қолжетімділігіне баса мән беру керектігін атап көрсеткен. «Білім – өмір бұлағы» дегендей, келелі келе­шек­ке бас­тай­тын әр этнос өкілдерінің тең дәрежеде білім алуы жа­лынды, да­рын­ды жастарымыздың халықаралық деңгейде көрі­нуіне жол ашып, өскелең ұрпақтың үш тілде еркін сөйлеуі әлем­нің қай түп­кірінде жүрсе де бәсекеге қабілетті қазақ елін та­ны­тып, ұлтының мәр­тебесін асқақтатуда. Әсіресе, тегін кәсіптік білім беру, тегін тамақтандыру мәселелері көптеген отбасының көкейлерінде жүр­ген армандарының орындалуының айқын жолы іспетті. Эко­но­миканың әр секторының дамуы оның басым бағытының бірі. Жол­дауда ауылшаруашылығының қамбасы алтын астыққа то­лып, Қазақстанда жасалған сапалы өнімнің сұранысқа ие бол­уына, ел игілігіне айналуына басымдық бе­ріл­ген. Елбасының Жол­дауы қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелерді шешудің бағыт-бағдары, сара жолы мен толайым табыстардың бастауы болмақ.

    Ғабит Тұрсынбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысының хатшылық меңгерушісі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.