Қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы орындалып жатқан жұмыстарға оң баға берді

    Қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы орындалып жатқан жұмыстарға оң баға берді

    Бүгiн Қоғамдық кеңес мүшелерi аймақ басшысы М.Мырзалиннiң өңiрдiң 2016 жылғы əлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есебiн тыңдады.

    Аталған Қоғамдық кеңес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспарындағы 99-шы қадамды жүзеге асыру аясында өткен жылдың басында құрылған болатын.

    М.Мырзалин өз сөзiнде өткен жылы өңiрде өнеркəсiп, аграрлы жəне əлеуметтiк салада оң динамика сақталғанын айта келе, осы бағытта қолдау бiлдiрген Қоғамдық кеңес мүшелерiне алғысын бiлдiрдi.

    Жұмысты қорытындылай келе облыс әкiмi құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де атқарушы билiк пен азаматтық қоғам арасында тиiмдi ақпарат алмасу алаңына айналған Қоғамдық кеңестердiң жұмысына ерекше тоқталып өттi. Одан өзге М.Мырзалин алдағы уақытта Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларына да ерекше көңiл бөлу керек екендiгiн айтты.

    Еске сала кетейiк, облыс активiмен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев М.Мырзалинге өңiрдiң ауыл шаруашылығы секторын одан әрi дамытуға қатысты бiрқатар мiндеттер жүктеген болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кооперативiн құру, ғылыми әлеуеттi пайдалану арқылы өнiмдiлiктi арттырып, ауыл шаруашылығына шағын несие бөлу, шағын және орта бизнестi жандандыру арқылы агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың маңыздылығын айтты.

    Жалпы Ақмола облысының барлық деңгейдегi қоғамдық кеңестерiнде əр салада еңбек ететiн 266 адам бар. Өткен жылы кеңестер қоғам мəселелерiне қатысты 200-ден астам отырыс өткiзген. Облыстық деңгейде құқықтық актiлер бойынша 350 жоба қаралып, оның 50-ден астамы кейiн қайтарылды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.