АО «Парк ядерных технологий» будет передан в доверительное управление

    АО «Парк ядерных технологий» будет передан в доверительное управление

    2019 жылғы 12 ақпанда Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Ядролық технологиялар паркі" АҚ-ның жарғылық капиталының 100% мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға 3 жыл мерзімге беру жөнінде электрондық тендер өткізеді.

    Ядролық технологиялар паркі 2005 жылы жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды.

    Тендер шарттарына сәйкес кәсіпорын қызметінің бейінін сақтау, сенімгерлік басқаруға беру сәтіндегі деңгейге сәйкес келетін көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің төмендеуіне жол бермеу, табыстылықтың экономикалық көрсеткіштерін жылына 131 500 000 (бір жүз отыз бір миллион бес жүз мың) теңгеден кем емес сақтау, жылжымайтын мүлік пен негізгі жабдықтың сақталуын қамтамасыз ету, сенімгерлік басқару кезеңінде өнеркәсіптік өндіріске жеткізе отырып, үш радиациялық технологияны енгізу, кемінде 10 (он) жаңа инновациялық сандық жұмыс орындарын құру қажет.

    Осы хабарламада қамтылған тендердің барлық шарттарын орындауға келіскен және объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады.

    Ядролық технологиялар паркі Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағында орналасқан.

    Тендер 2019 жылғы 12 ақпанда сағат 10:00-де Астана қаласы уақыты бойынша Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында өтеді www.gosreestr.kz

    Тендер өткізу туралы қосымша ақпаратты сайтта көруге болады. www.gosreestr.kz немесе 8 (7172) 718665, 717558 телефоны бойынша алуға болады.

    ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.