
Еске сала кетейiк, қазiргi кезде Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екi рет iшкi әуе рейстерi қатынайды. Оған қоса, ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап, Шымкент-Көкшетау-Шымкент əуе бағыты ашылды. Бұл рейстер аптаның жұма жəне жексенбi күндерi СКАТ əуе компаниясының CRJ-200 əуе кемелерi арқылы жүзеге асырылады.
Ендi Көкшетау халықаралық əуежайы арқылы əр жексенбi сайын "Авиакомпания S7" əуе компаниясының Airbus A320 жайлы самолеттерi арқылы Мəскеудiң "Домодедово" əуежайына тiкелей əуе рейсi ашылып отыр. Ұшу уақыты — 3-3,5 сағат. Билет құны 50 мың теңге.
"Бүгiн алғашқы рейспен Мəскеуден 60-қа жуық жолаушы ұшып келдi. Ал, Көкшетаудан 30-ға жуық жолаушы аттанатын болады. Жолаушылардың алаңсыз ұшуына барлық жағдай қарастырылған",- дедi "Авиакомпания S7" əуе компаниясының өкiлi Александр Завражин.



