Жамбыл облысының Әділет департаменті

    Департамент туралы

    Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Шетелге ресми органдардан шығатын құжаттарға апостиль қажет болғанда, оны қалай жасауға болады?

    Жауап

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ресми құжаттарға апостиль таңбасын қоюға құжаттар қағаз жүзінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсыру немесе egov.kz электронды порталында да электронды өтінім беру арқылы құжаттарды апостильдеу мүмкіндігі бар.Ол үшін электронды цифрлы қолтаңба арқылы электронды өтінім беріледі, оған апостильдеуге жататын құжаттар сканерлеп тіркеледі. Бұл мемлекеттік қызмет 3 жұмыс күн ішінде көрсетіледі.

    Сұрақ

    Заңды тұлғаны тіркеу қанша уақытта болады, яғни тіркеу мерзімдері бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды тіркеу,олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» Заңының 9 бабында заңды тұлғаның тіркеу мерзімдері нақты көрсетілген, ол 5 жұмыс күн. Егерде тіркеуге ұсынған құжаттарда қандайда бір кемшіліктер болса, онда тіркеу мерзіміне осы бабтың талаптарына сай, 1 айға дейін үзіліс жасалынады, егерде осы мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаса, тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

    Сұрақ

    Электронды түрде заңды тұлғаны тіркеу мүмкін бе, оның жолдары қандай?

    Жауап

    Электронды түрде коммерциялық ұйымдар –яғни, жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеу мүмкіндігі бар, ол үшін өтініш иесі электронды цифрлы қолтаңба алып, egov.kz электронды порталында өз кәсібін бастау туралы хабарлама тіркейді, ол не бары 10-15 минут уақыт алады және де ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың еш бір қажеті жоқ.Сол сияқты, осы порталда заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтамасын алуға болады.

    Сұрақ

    Егер борышкер жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек қалай анықталады?

    Жауап

    Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады ( Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 169-бабының 3-тармағы).

    Сұрақ

    Алимент қандай кірістерден ұсталады?

    Жауап

    Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, үлес) және өзге де кірістің барлық түрлерінен, оның ішінде: 1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақыларға (мөлшерлемелерге) байланысты есептелген жалақыдан; 2) еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақылардың барлық түрлерінен, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қоры шегінде үнемделген қаражат немесе тиісті мекемені қамтуға көзделген қаражат есебінен алынатын үстеме ақылардан; 3) еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан);4) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 7) тармақшасында көзделген; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127, 128, 129, 130, 131-баптарында көзделген төлемдерді қоспағанда, барлық өтемақы төлемдерінен тұрады; 5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ бірнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетін ақшалай өтемақыдан; 6) комиссиялық сыйақыдан (сақтандыру агенттеріне, брокерлерге); 7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бір жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін алынған кірістерден; 8) авторлық сыйақы төлемдерінен; 9) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабымен көзделген жәрдемақыларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтік көмек сомаларынан; 10) білім беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін стипендиялардан; 11) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен кірістерден; 12) мүлікті жалға беруден түскен кірістерден; 13) бағалы қағаздар бойынша түскен кірістерден және заңды тұлғаның мүлкін басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістерден; 14) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген кірістерден жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 «кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де табыс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы).

    Сұрақ

    Алимент қай сәттен бастап есептеледі?

    Жауап

    Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 64-бабы).

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.