Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, үлес) және өзге де кірістің барлық түрлерінен, оның ішінде: 1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақыларға (мөлшерлемелерге) байланысты есептелген жалақыдан; 2) еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақылардың барлық түрлерінен, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қоры шегінде үнемделген қаражат немесе тиісті мекемені қамтуға көзделген қаражат есебінен алынатын үстеме ақылардан; 3) еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан);4) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 7) тармақшасында көзделген; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127, 128, 129, 130, 131-баптарында көзделген төлемдерді қоспағанда, барлық өтемақы төлемдерінен тұрады; 5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ бірнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетін ақшалай өтемақыдан; 6) комиссиялық сыйақыдан (сақтандыру агенттеріне, брокерлерге); 7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бір жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін алынған кірістерден; 8) авторлық сыйақы төлемдерінен; 9) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабымен көзделген жәрдемақыларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтік көмек сомаларынан; 10) білім беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін стипендиялардан; 11) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен кірістерден; 12) мүлікті жалға беруден түскен кірістерден; 13) бағалы қағаздар бойынша түскен кірістерден және заңды тұлғаның мүлкін басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістерден; 14) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген кірістерден жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 «кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де табыс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы).