Балабақшаларға жолдама алу үшін жеңілдіктіктер санатқа кім кіреді?
Балабақшаларға жолдама алу үшін жеңілдікті санатқа мыналар кіреді: 1) кезектен тыс (әскери қызметшілердің балалары). Осы жеңілдікті санаты бар өтініш берушілер БДҰ да Бос орындар болған кезде кезектен тыс жолдама алады; 2) бірінші кезектегілер (заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар). Осы санаттағы жеңілдіктер "бір-үш" қатынасына жолдама алады. (Бір жеңілдетілген санаттағы өтініш беруші және жалпы негізде үш өтініш беруші).
