
2026 жылғы 9 маусымда Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А.Қалдыбеков азаматтарды кезекті апталық қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары аумақтарды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, жолдар мен аула нысандарын жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер бойынша өзекті сұрақтарын көтерді.
Қабылдау барысында тұрғындар ағаштарды санитарлық кесу және бұтау, бұталарды жою, іргелес аумақтарды тазалау, балалар алаңдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру мәселелері бойынша өтініштер білдірді. Сонымен қатар, жасыл желектерді көшіру және Казахфильм шағын ауданының санитарлық жағдайына қатысты мәселелер көтерілді. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша профильдік бөлімдерге көшпелі тексерулер ұйымдастырып, анықталған мәселелерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Бірқатар өтініштер жол жабынының жай-күйіне, автотұрақтарды ұйымдастыруға және көшелерді жөндеуге қатысты болды. Тұрғындар аулаішілік жолдарды жөндеу, тұрғын үйлер маңында жаңбыр суының жиналуын болдырмау және аудан көшелерінің жекелеген учаскелеріне орташа жөндеу жүргізу мәселелерін көтерді.
Аталған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты қызметтерге тексеру жүргізіп, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша одан әрі шараларды айқындау тапсырылды.
Бостандық ауданының әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қалалық ортаны дамыту мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр сейсенбі сайын өткізіледі. Қабылдауға жазылу телефоны: 394 38 90.



