«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 17 маусым күні сағат 15.00-де Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің мәдениет үйінде өтеді. Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72154) 2-11-18 телефоны арқылы және [email protected] электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.
Алдағы демалыс күндері Қарағандының Орталық саябағы мен Майқұдық саябағында концерттер мен спорттық іс-шаралар өтеді. 13 маусым, сенбі Белсенді өмір салтын ұнататын тұрғындар Орталық саябақта ашық аспан астында өтетін йога жаттығуына қатыса алады. Сағат 18:30-да басты сахнада жастарға арналған NICE дискотекасы басталады. Қарағандылықтарды танымал хиттер мен сапалы дыбыс күтіп тұр. Ұйымдастырушылар барша ниет білдірушілерді музыканың ырғағымен би билеп, ашық аспан астында көңілді кеш өткізуге шақырады. 14 маусым, жексенбі Сағат 08:00-де Орталық саябақта дәстүрлі түрде таза ауадағы йога жаттығуы өтеді. Сағат 10:00-де барлық ниет білдірушілер үшін серпінді зумба жаттығуы ұйымдастырылады. Сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін саябақтың басты сахнасында Дүниежүзілік донор күніне арналған мерекелік шара өтеді. Онда құрметті донорлар марапатталады. Сонымен қатар қонақтарға музыкалық бағдарламалар, сыйлықтар ойнатылатын викториналар және тақырыптық фотосессия ұсынылады. Осы күні сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін Майқұдық саябағында «Әуезді кеш» концерттік бағдарламасы өтеді. Кештің арнайы қонағы ретінде «ӘУЕН» ансамблі өнер көрсетеді. Концерттен кейін, сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін барлық қалаушылар ашық аспан астындағы дискотекаға қатыса алады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Саран қаласының Мәдениет үйінде өтеді. Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинау үшін жұмыс тобы құрылған. Өтініштер мен сауалдарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефоны арқылы немесе [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады.
Мамыр айының екінші жартысы қарағандылықтар үшін мазмұнды іс-шараларға толы болмақ. Қаланың Орталық мәдениет және демалыс саябағында фестивальдер, шеберлік сабақтары, көрмелер мен спорттық шаралар өтеді. Бүгін, 15 мамыр күні, сағат 18:00-де саябақтың басты сахнасында демалыс күндеріне арналған концерттік бағдарлама басталады. Ал 19:00-де «Ел аналары мен аяулы қыздар күні» атты мерекелік концерт өтеді. Сенбі, 16 мамыр күні, сағат 16:00-де қала тұрғындары дәстүрлі «Барлық дәуір билері» бағдарламасына шақырылады. Бағдарлама екі сағатқа созылады. Жексенбі, 17 мамыр күні, саябақта Отбасы күні аталып өтеді. Сағат 12:00-де басты сахна маңында Сая Әбелдинованың тегін макияж жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында көрермендердің көз алдында модельдің толық өзгеруі көрсетіліп, сыйлықтар мен сертификаттар ойнатылады, сондай-ақ концерттік бағдарлама ұсынылады. Осы күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін қала тұрғындары үшін қайтадан «Барлық дәуір билері» ұйымдастырылады. Сәрсенбі, 20 мамыр күні, сағат 14:00-де ауқымды ЮНЕСКО фестивалі өтеді. Одан кейін 17:30-да ауыл жастарына арналған «Жасанды интеллект» форумы ұйымдастырылады. Жұма, 22 мамыр күні, сағат 10:00-де «НаТворим» арт-мектебі тәрбиеленушілерінің жұмыстарының көрмесі ашылады. Сағат 11:00-де саябақта «Жас құтқарушы» байқауы басталады. Жексенбі, 23 мамыр күні, сағат 09:00-де Төтенше жағдайлар департаментінің қайырымдылық жүгірісі өтеді. Бұл — Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысатын жыл сайынғы шара. Сағат 17:00-де басты сахнада Қарағандыдағы Zumba бағдарламасының 25 жылдығына арналған ZumbaKrgFest-2026 фестивалі басталады. Бағдарламада нұсқаушылардың көрсетілімдері, барлық қатысушыларға арналған жаппай зумба, интерактивті байқаулар, жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойындары өтеді.
23 сәуір күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін egov.kz порталының «Ашық диалог» бөлімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің қатысуымен интернет-конференция өтеді. Тақырыбы – «Жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы». Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
egov.kz порталының «Ашық диалог» бөлімінде 31 наурыз күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановпен интернет-конференция өтеді. Тақырыбы – «Жолдарды жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту». Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Қарағанды облысының әкімдігі «Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» қаулының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-8-тармағына сәйкес облыс әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Қарағанды облысының әкімдігі осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы қызметі туралы есеп Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 424/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер тізіліміне» сәйкес Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 196 түрін және 158 кіші түрін көрсетеді. Оның ішінде 196 мемқызметтен 173 қызмет түрі тегін, 19 түрі ақылы, 4 түрі ақылы және тегін көрсетіледі. 2025 жыл ішінде облыста 16 315 314 мемқызмет көрсетілді. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының бөлімдері (әрі қарай – «Азаматтарға арналған үкімет» МК) арқылы 21 630 мемқызмет көрсетілді. Электронды түрде 16 234 016 мемқызмет, мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде 59 668 мемқызмет көрсетілген. Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – денсаулық сақтау, мәдениет және ветеринария салаларындағы қызметтер, атап айтқанда: «Дәрігердің қабылдауына жазылу» - 12 106 960 (74%) мемқызмет; «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» - 1 239 716 (7,5%) мемқызмет; «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» - 55 959 (0,3%) мемқызмет; «Ветеринариялық анықтамалар беру» - 54 814 (0,3%) мемқызмет көрсетілді. Қызмет алушылармен жүргізілетін жұмыс Облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарында 13 Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, қалада Әлеуметтік қызметтер орталығы мен Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Арлан» бизнес-орталығының ғимаратында Мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл жобалар консультациялар үшін, құжаттарды қабылдау және бірыңғай терезе мен электрондық кезек арқылы халыққа көмек көрсету үшін қолайлы алаң жасайды. Қызмет алушылардың мемқызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар мен өзге де іс-шаралар өткізілді. 2025 жыл ішінде осындай 1 690 іс-шара өткізілді. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (МО ИРБП) мемлекеттік қызметтер бойынша іс-шараларды өткізуге қатысты материалдар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері, заңдар, тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған. Барлық меморгандарда және «Азаматтарға арналған үкімет» МК ғимараттарында қызметтерді алу, оларға шағымдану, қызметті алу мерзімдері туралы, сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы туралы ақпарат орналастырылған. Облыс тұрғындарының мемқызметтер бойынша сұрақтарға «Сенім 109» бірыңғай үйлестіру орталығы арқылы да жауап алуына мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет Мемлекеттік орган қызметкерлері мен қызмет алушылардың қарым-қатынасын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін мемқызмет көрсету рәсімдерін электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Облыс халқының мемқызметтерді электрондық нысанда алуға мүдделілігін арттыру үшін облыста халықты БАҚ арқылы тұрақты хабардар ету жүргізіледі, көрнекі жарнама орналастырылады, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылады, мемқызметтер жәрмеңкесі өткізіледі, буклеттер таратылады, қызмет көрсетушілерді «2-gis.kz» қосымшасына қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемқызметтермен, оның ішінде электронды форматтағы қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы мемқызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» МК, «электрондық үкімет» және «электрондық лицензиялау» порталдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының (МО ИРБП) ресми сайтында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тиісті ақпарат орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау 2025 жылы облыстың мемлекеттік органдары мемқызметтер көрсету мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспарларын іске асырды. Жыл бойы 194 бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру барысында заңнаманың 682 бұзушылығы және 2 шағым түскені анықталған. Бұған орай жауапты тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды. Нәтижелерді талдау қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Мемқызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында курстар өткізіледі, 2025 жылы 126 маман оқытылды. Облыстың басқармалары, қалалар мен аудандардың әкімдіктері «Мониторинг» АЖ-да мемқызметтерді көрсетудің тұрақты мониторингін жүргізеді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде, облыстық басқармаларда мемқызметтерді көрсету сапасы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Мемқызметтер көрсететін мамандарға консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді одан әрі көрсету тиімділігінің перспективалары және мемлекеттік қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында «Шығыс Қазақстан жастардың ақпараттық-талдау агенттігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі облыс бойынша 93,8% құраған.
Қарағанды облысының әкімдігі «Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» қаулының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-8-тармағына сәйкес облыс әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Қарағанды облысының әкімдігі осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Қарағанды облысының әкімдігі «Қарағанды облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту» туралы қаулының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 4-1, 14-2 баптарына сәйкес облыс әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Қарағанды облысының әкімдігі осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Қарағанды облысының әкімдігі «Қарағанды облысындағы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын бекіту туралы» әкімдігі қаулының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды. «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Қарағанды облысындағы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын бекіту туралы» облыс әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Қарағанды облысының әкімдігі осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.