Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

    Жалпы ақпарат

    Бұл құрылым адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды, заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге асыруды мақсат тұтады. Омбудсменнің жұмысы БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған Қазақстан Респубикасының халықаралық міндеткерліктеріне және осыған ұқсас құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай атқарылады. Сонымен қатар, Омбудсмен үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынас орнатады. Омбудсмен жұмысының негізгі қағидалары: жариялылық, әділдік және бейтараптық.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Адам құқықтарын қорғау институтының басшысы конституциялық реформаға арналған іс-шараға қатысты

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
    Ашу

    Астанада «Жастар және дін» атты талдамалық баяндама таныстырылды

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
    Ашу

    Омбудсмен Үйлестіру кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін құттықтайды

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
    Ашу

    Үйлестіру кеңесінің құрамына жаңа мүшелер сайланды

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
    Ашу

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
    Ашу

    Қазақстан – әрбір адам заң талаптарын бұлжытпай сақтауға міндетті зайырлы мемлекет

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Неліктен елдің Негізгі заңында өлім жазасын жоюды бекіту маңызды болды?

    Жауап

    Қазіргі әлемде өлім жазасы адамның негізгі құқықтарына қайшы келетін жаза түрі ретінде қарастырылуда. Ол гуманизм мен әділеттілік принциптеріне сәйкес келмейтін қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және адамның қадір-қасиетін төмендететін шара ретінде танылды. Өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады және мемлекет әр адам үшін осы құқықты қамтамасыз ету және қорғау міндетін атқарады. Ел Конституциясында өлім жазасын жоюды бекіту – бұл заңды қадам ғана емес, сонымен бірге адам өміріне деген құрмет пен әділеттіліктің адамгершілік жүйесіне деген ұмтылысты көрсететін маңызды символдық әрекет. 2021 жылы Қазақстан өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Бұл құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылы желтоқсанда қабылдады және оны ратификациялау адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау жолындағы маңызды қадам болды. Маңыздысы, өлім жазасының болуы қылмыс деңгейін төмендетуде тиімділігі дәлелденбеген. Керісінше, қылмыстың алдын алуға, әділ сот төрелігіне және құқық бұзушыларды оңалтуға баса назар аудару керек. Хаттама ратификацияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі оның ережелеріне сәйкес келтірілді – өлім жазасы қылмыстық заңнамадан толығымен алынып тасталды. Осылайша, конституциялық деңгейде ел өмір сүру құқығын қорғаудың құқықтық негізін нығайта отырып, гуманизм қағидаттарына берілгендігін тіркеді.

    Сұрақ

    Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік нені білдіреді?

    Жауап

    Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік – бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық азаматтық және саяси құқықтарды, сондай-ақ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды ерлер мен әйелдердің тең пайдалануына кепілдік беретін қағидат. Ешкiмдi тегiне, әлеуметтiк жағдайына, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнiне, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген басқа жағдаяттар бойынша кемсiтуге болмайды (Конституцияның 14-бабы). Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ету болып табылады («Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңның 3-бабы).

    Сұрақ

    Кемсітушілік нені білдіреді, оған тыйым салу немен бекітілген?

    Жауап

    Кемсітушілікке тыйым салу Конституцияның 14-бабында және басқа заңдарда бекітілген заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидасынан туындайды. Бұл негізгі қағида халықаралық құқық нормаларына, атап айтқанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2, 26-баптарына сәйкес келеді. Кез-келген кемсітушілікке заңмен тыйым салынуы керек, заң барлық адамдарға қандай да бір негізде, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тууына немесе басқа жағдайына байланысты кемсітушілікке қарсы тең және тиімді қорғауға кепілдік беруі керек (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабы, Азаматтық және саяси туралы халықаралық пактінің 26-бабы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабы). Еңбек және білім саласындағы әйелдерге қатысты нәсілдік кемсітушілікке, кемсітушілікке қатысты жекелеген ережелер Қазақстанның 1998 жылғы 29 маусымдағы №245 заңымен қосылған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияда, Қазақстанның 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248 Заңымен қосылған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияда, 2001 жылғы 4 шілдедегі № 220 заңымен ратификацияланған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасында жарияланған. Конституция тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша кемсітуге тыйым салады (14-баптың 2-тармағы).

    Сұрақ

    Ұлттық орталық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жүргізе ме?

    Жауап

    Иә. Ұлттық орталық адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша өңірлік және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

    Сұрақ

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесіне араласа ала ма?

    Жауап

    Жоқ. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың қызметіне араласуға жол бермей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

    Сұрақ

    1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот процесіне араласа ала ма?

    Жауап

    Жоқ. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне араласуға жол бермей, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдем көрсетеді.

    Решение

    Конкурстық комиссиясы шешімінің қорытындысы

    Адам құқықтары жөніндегі ұ лттық орталықтың «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс нәтижесі (өткізілген кезеңі: 2026 жылғы 9 – 16 маусым аралығында ) Конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы шешіміне сәйкес: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі уақытша бос лауазымына (14.02.2029 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезіне, осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығу құқығымен) орналасуға конкурстық комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат Тимур Сапарбекович Жакеев

    График

    Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ

    Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі , санаты С-О-1 (2029 жылғы 14 ақпан айына дейін негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезінде, осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығу құқығымен) Тимур Сапарбекович Жакеев 2026 жылғы 16 маусым сағат 12.00-де Астана қ., Мәңгілік ел д., 8, 15 кіреберіс (603 каб.) 2026 жылғы 16 маусым сағат 10.00-де Астана қ., Мәңгілік ел д., 8, 15 кіреберіс (603 каб.) Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

    Протокол

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссия отырысының № 2 ХАТТАМАСЫ

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссия отырысының № 2 ХАТТАМАСЫ

    Решение

    Конкурстық комиссиясы шешімінің қорытындысы

    Адам құқықтары жөніндегі ұ лттық орталықтың «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс нәтижесі (өткізілген кезеңі: 2026 жылғы 26 мамыр – 3 маусым аралығында ) Конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 3 маусымдағы шешіміне сәйкес: Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Құқықтық және ұйымдастыру-талдау жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымына орналасуға конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат Кайрат Кадрулы Рымбеков

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.