Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік нені білдіреді?
Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік – бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық азаматтық және саяси құқықтарды, сондай-ақ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды ерлер мен әйелдердің тең пайдалануына кепілдік беретін қағидат. Ешкiмдi тегiне, әлеуметтiк жағдайына, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнiне, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген басқа жағдаяттар бойынша кемсiтуге болмайды (Конституцияның 14-бабы). Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ету болып табылады («Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңның 3-бабы).