Сұрақ
Павлодар облысының аумағында қанша ескерткіш бар
Жауап
Бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қорғауға алынған 283 ескерткіш тіркелген. Оның ішінде 3 – Республикалық маңызы бар ескерткіш. Көпес Деровтың үйі, Павлодар қ, Астана көшесі 149; Жаяу Мұса Байжановтың зираты, Баянауыл ауданы; Естай Беркімбаевтың зираты, Ақтоғай ауданы. 280 жергілікті маңызы бар - оның 199 – археология ескерткіштері, 61 – қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, 20-тарих және мәдениет ескерткіштері.

