ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «КӨРНЕКІ АҚПАРАТ САУАТТЫЛЫҒЫ – БАРШАҒА ОРТАҚ ІС» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

    ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «КӨРНЕКІ АҚПАРАТ САУАТТЫЛЫҒЫ – БАРШАҒА ОРТАҚ ІС» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

    Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2026 жылдың 12 маусымында көрнекі ақпараттағы тілдік сауаттылық, мемлекеттік тіл мәдениеті және заманауи визуалды коммуникация мәселелеріне арналған «Көрнекі ақпарат сауаттылығы – баршаға ортақ іс» атты семинар ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы көрнекі ақпарат сапасына назар аудару, мемлекеттік тілдің визуалды кеңістіктегі қолданысын жетілдіру және тілдік орта мәдениетін қалыптастыру.

    Көрнекі ақпараттың сапасы – тек мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан семинар мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қоғамдағы тіл мәдениетін нығайтуға және сапалы ақпараттық орта қалыптастыруға бағытталған.

    Шараға қалалар мен аудандардың тіл мамандары, жергілікті ЖОО-ның профессорлары, мемлекеттік қызметкерлер, қала, аудандардағы жеке кәсіп иелері қатысты.

    Семинар барысында көрнекі ақпарат пен жарнама өнімдерінің жай-күйі, көрнекі ақпарат бойынша бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелер қамтылды. Қатысушылар аталған мәселелер бойынша сауалдар қойып, проблемаларды шешу жолдары туралы өз ойларын, тәжірибелерін ортаға салды, сондай-ақ, маңдайшалардың, тауар белгілерінің, қоғамдық көліктердегі жарнама өнімдерінің дұрыс ресімделуі бойынша кеңестер алды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.