"Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" КММ

    Басқарма туралы

    Шымкент қаласы әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Бар замандар ақыны: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

    9 ақпанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бар замандар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күніне қатысты екі дерек бар: ресми құжаттарда 9 ақпан көрсетілген, ал анасының естеліктерінде 8 наурыз деп айтылады. Әдебиеттанушы, ақын Оразақын Асқардың айтуынша, 9 ақпан күні Мұқағали өзі ресми құжаттарда тіркеген. Ақынның әкесі Сүлеймен соғыста қаза тапқан. Сондықтан Мұқағалиге ерте жастан өмірдің ауыртпашылықтарын бастан кешіру тура келген. Ол ауылдық кеңестің хатшысы, мектеп мұғалімі, аудандық газет корреспонденты және радио дикторы болып жұмыс істеді. 1950 жылдардың басында ақынның алғашқы өлеңдері жарияланды. Мұқағали Мақатаев поэзиясының ерекшелігі — терең ой мен қарапайым тілдің үйлесімі. Оның шығармаларында адам мен табиғат арасындағы байланыс, туған елге деген сүйіспеншілік, анаға құрмет және өмір мен өлім туралы философиялық ойлар айқын көрініс тапқан. Ақынның белгілі шығармалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз!», «Сарыжайлау», «Үш бақытым», «Мен таулықпын», «Поэзия, менімен егіз бе едің?» секілді туындылар. Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаев аудармашылықпен де айналысып, әлем әдебиетінің классиктері — Уолт Уитмен, Данте Алигьери, Уильям Шекспир еңбектерін қазақ тіліне аударған. Ақын 1976 жылғы 27 наурызда өмірден озғанымен, оның шығармашылығы мектеп бағдарламасында, ғылыми зерттеулерде, әдеби кештер мен поэзия оқуларында өмір сүруін жалғастыруда. Мұқағалидің туындылары бүгінгі күнде де өзектілігін жоймаған, оқырмандардың жүрегінде рухани құндылық болып қала береді. Мұқағали Мақатаев — қазақ лирикасына жаңа тыныс әкелген, шығармалары «қазақ әдебиетінің алтын қорына» енген ұлы ақын.

    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мәселесі қаралды

    2025 жылғы 3 қараша күні Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен қала аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулардағы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымды қарау бойынша жиын өтті. Жиынға қалалық басқармалар мен аудан әкімдері аппараттарының өкілдері, сондай-ақ оларға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Кездесу барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталмау деректері талқыланды. Прокуратура тарапынан анықталған бірқатар кемшіліктер мен заңбұзушылықтар көрсетіліп, оларды жою бойынша нақты шаралар ұсынылды. Прокуратура өкілдері жауапты тұлғаларға заң талаптарын бұлжытпай сақтау қажеттігін ескертіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын қорытындысы бойынша әр мемлекеттік орган мен мекемеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ашық, әділ және тиімді өткізуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Шымкент қаласы прокуратурасы алдағы уақытта да мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына тұрақты түрде қадағалау және талдау жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын болады. орысшаға аудар қатесіз ұйқасымен бірге

    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік әдеп мәселелері бойынша мәжіліс өтті

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік этика мәселелері бойынша мәжіліс өтті 2025 жылғы 11 қыркүйекте Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында «Моральдық-психологиялық қауіпсіздік: құрмет мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мәжіліс өткізілді. Мәжіліске басқарма басшысының орынбасары төрағалық етіп, басқарма қызметкерлерімен бірге Шымкент қаласының әдеп жөніндегі уәкілі қатысты. Жиында келесі мәселелер талқыланды: мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау; ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру; қызметтік әдеп нормаларын сақтау; әлеуметтік желілердегі мәдениетті қарым-қатынас деңгейін жоғарылату; жеке тұлғаға қолсұғушылықтың алдын алу және оған қатысты құқықтық аспектілер. Мемлекеттік қызметшілердің абыройына нұқсан келтіретін, қорлайтын пікірлердің таралуына жол бермеу және құқықтық тұрғыдан жедел әрекет ету қажеттігі ерекше назарға алынды. Мәжіліс қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, қызметтік тәртіп пен корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жалғасын табатыны туралы шешім қабылданды. 📸 Мәжілістен фотосуреттер тіркелді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.