«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», сондай-ақ Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының 2026 жылғы 6 мамырдағы №7/01-16 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
    Осыған орай, ағымдағы жылдың 18 маусымынан бастап жария талқылау басталатынын хабарлаймыз.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының сапалы және тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, ұсыныстар мен пікірлер болған жағдайда, оларды басқармаға жеке қабылдау арқылы немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы жолдауға болады.
    Мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, №10 әкімшілік ғимарат.
    Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-61.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.