Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдарды жөргектермен қамтамасыз ету нормасы күніне 2 дананы немесе жылына 730 дананы құрайды, жөргектердің аталған көлемі толыққанды әлеуметтік оңалтуға жеткіліксіз болып табылады. Мүгедектігі бар адамдарға жөргектер беру нормасын ұлғайту жоспарда бар ма?
Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін бірқатар жақсартатын нормаларды қамтитын, оның ішінде берілетін жөргектер санын күніне 2- данадан 4 данаға дейін ұлғайтуға қатысты (жылына 1460 дана) «Мүгедектігі бар адамды абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» қағидаларын әзірлеу үстінде.