Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

    Министрлік туралы

    Министрлік теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Ауған соғысының ардагерлеріне ақылы жолдармен жүргені үшін жеңілдіктер беру

    Жауап

    Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне ақылы автомобиль жолдары арқылы жеңілдікпен жол жүруді беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Бүгінгі күні ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін төленетін ақыдан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады. «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңы http://zan.gov.kz/rus/docs/Z010000245_

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты су көлігінің бар/жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган мемлекеттік кемелер тізілімін және кеме кітабын жүргізеді, борышкер атында су көлігі болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде КДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Iшкi су көлiгi туралы» Заңы: http://zan.gov.kz/kaz/docs/Z040000574_ ҚР «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы: http://zan.gov.kz/kaz/docs/Z020000284_

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты теміржол жылжымалы құрамының бар-жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган жылжымалы құрамның мемелекеттік тізілімін жүргізеді, борышкер атында жылжымалы құрам болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде ҚДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңы http://zan.gov.kz/rus/docs/Z010000266_

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    №655/656 Арқалық-Астана-1 Жолаушылар пойызының Астана-1 станциясындағы аялдаманы қалпына келтіруге қатысты

    Жауап

    2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында орналасқан 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Аталған жоба аясында «Астана-1» вокзалы да қамтылған. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және теміржол нысандарында қазіргі заманғы, қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты «Астана-1» станциясында жолаушылар пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруға уақытша шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, «Астана-1» станциясында жасақталатын жолаушылар пойыздарының аялдауы уақытша тоқтатылды, оның ішінде № 655/656 «Арқалық — Астана-1» жолаушылар пойызы да бар. Аталған шаралар уақытша сипатқа ие және құрылыс жұмыстары кезеңінде жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңғырту жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында енгізілуде.

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Какой порядок выдачи сертификата соответствия беспилотной авиационной системы с беспилотным воздушным судном с максимальной взлетной массой от 25 кг до 750 кг?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – БАС қағидалары) 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында салмағы 25 кг-нан 750 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараты бар ұшқышсыз авиациялық жүйеге отандық сериялық және шетелдік сериялық өндіріс ретінде сәйкестік сертификатын беру тәртібі сипатталған. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында көрсетілген құжаттар тізбесі, сериялық отандық немесе сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға eOtinish арқылы жолданады және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://caa.gov.kz/ru/deyatelnost/departament-bespilotnyh-aviacyonnyh-sistem/podtverzhdenie-tehnicheskogo-sootvetstviya-formy-deklaracij-i-zayavok/bas3 Сериялық отандық өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі: БАС қағидаларына 25-қосымшаға сәйкес сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш; Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы; Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы; ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері; Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі; БАС техникалық қызмет көрсету регламенті (бағдарламасы); ААӘ тарапынан қол қойылған мемлекеттік сынақтар актісі. Сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі: Сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш; Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы; Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы; БАС-тың мына талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер немесе дайындаушы мемлекеттің стандарттары, директивалары, қағидалары, техникалық регламенттері): электромагниттік үйлесімділік талаптарына және жиілік спектрін дұрыс пайдалану талаптарына сәйкестігі; дыбыс және бейне жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі (бар болса); электрондық және/немесе электротехникалық жабдықтардың электромагниттік өрісінің адам ағзасына әсер етуіне қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса); химиялық заттарды пайдалануға шектеулерге қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса); қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде. Егер жоғарыда көрсетілген тілдерде құжаттар болмаған жағдайда, өтініш беруші өндірушінің түпнұсқа құжатын және нотариалды куәландырылған қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі аудармасын ұсынады; ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері; Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі.

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Әуежай маңында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі: Құрылыс салу, орнату, орналастыру, кеңейту, қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілері мен өзге де құрылыстарды орнату бойынша (әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес): – объектілер тізімі, олардың ұзындығы мен мақсаты туралы мәліметтер; – WGS–84 координаттар жүйесінде объектінің көлденең жазықтықтағы орналасуы туралы мәліметтер; – объектінің тік жазықтықтағы орналасуы туралы мәліметтер: объектінің биіктігі және оның орналасқан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі немесе объектінің ең биік нүктесінің теңіз деңгейінен асуы (WGS–84 жүйесі бойынша); – объектінің орналасуы мен биіктігіне қатысты мәліметтердің көзі туралы ақпарат; – көлденең және тік координаталар жүйесіндегі мәліметтердің дәлдігі; – объектілер салынатын аумақты, қалаға немесе елді мекенге байланысын және әуежай маңындағы аумақтар үшін КТА-ға дейінгі қашықтықты көрсететін карта; – электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер; – байланыс және электр беру желілерінің биіктігі (соның ішінде бұрылу нүктелері, су айдындары, өзендер, теміржол немесе автокөлік жолдары арқылы өтетін бөліктер); – рельефті ескере отырып, жер бетінің абсолюттік белгілері мен масштабтары көрсетілген, жарық бағыттарына бағдарланған электр беру желілерінің трассасы жоспары (WGS–84 жүйесінде); – рельефті ескере отырып, жер бетінің абсолюттік белгілері мен масштабтары көрсетілген, жарық бағыттарына бағдарланған объектілер мен кедергілердің ұзындығы бойынша жоспары (WGS–84 жүйесінде). Аталған мәліметтер мен бағалаулар Қағидалардың 5-тармағына сәйкес техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін I санаттағы лицензиясы бар жобалау ұйымдарымен дайындалады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес). Әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлерін туындататын жұмыстарды орындау үшін: – учаскенің бастапқы және соңғы нүктелері мен бүкіл трассаның атауы (өңірі мен ауданы көрсетіледі); – радиосәулелендіргіш құрылғылардың мақсаты, жұмыс жиіліктері, сәулелену жолағының ені, модуляция түрі, қуаты, сәулеленудің бағыттылығы және диаграмма ені, антенналық құрылғылардың іліну биіктігі туралы мәліметтер. Құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінуінің төмендеуіне әкеп соғатын объектілерді орналастыру үшін: – объектінің орналасқан жері, КТА-ға дейінгі қашықтығы туралы мәліметтер; – қызмет түрі сипатталады және құстар мен жануарлар үшін объектіні тартымсыз етуге бағытталған шарттар көрсетіледі. Тікелей әуе кеңістігінде материалдық объектілердің қозғалысына байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің, олардың жабдықтарының және борттағы адамдардың ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: – мұндай қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары туралы мәліметтер ұсынылады.

    Көлік министрлігі·
    Объявление

    ПРЕСС-АНОНС Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды

    ПРЕСС-АНОНС Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында ««Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының және «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды. Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз. Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15847138

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Объявление

    ПРЕСС – АНОНС Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Заң жобасын орналасқаны туралы хабарлайды

    ПРЕСС-АНОНС Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы үшінші елдерге экспортқа жеткізуге арналған қазақстандық және ресейлік жүктерді теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау және ауыстырып тиеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын орналасқаны туралы хабарлайды. Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз. Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15847105

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Проект НПА

    Анонс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасы орналастырылғанын хабарлайды

    Анонс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасы орналастырылғанын хабарлайды. Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз. Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15846893

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.