Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – БАС қағидалары) 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында салмағы 25 кг-нан 750 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараты бар ұшқышсыз авиациялық жүйеге отандық сериялық және шетелдік сериялық өндіріс ретінде сәйкестік сертификатын беру тәртібі сипатталған.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында көрсетілген құжаттар тізбесі, сериялық отандық немесе сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға eOtinish арқылы жолданады және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://caa.gov.kz/ru/deyatelnost/departament-bespilotnyh-aviacyonnyh-sistem/podtverzhdenie-tehnicheskogo-sootvetstviya-formy-deklaracij-i-zayavok/bas3
- Сериялық отандық өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі:
- БАС қағидаларына 25-қосымшаға сәйкес сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш;
- Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы;
- Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы;
- ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері;
- Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі;
- БАС техникалық қызмет көрсету регламенті (бағдарламасы);
- ААӘ тарапынан қол қойылған мемлекеттік сынақтар актісі.
- Сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі:
- Сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш;
- Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы;
- Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы;
- БАС-тың мына талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер немесе дайындаушы мемлекеттің стандарттары, директивалары, қағидалары, техникалық регламенттері):
- электромагниттік үйлесімділік талаптарына және жиілік спектрін дұрыс пайдалану талаптарына сәйкестігі;
- дыбыс және бейне жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі (бар болса);
- электрондық және/немесе электротехникалық жабдықтардың электромагниттік өрісінің адам ағзасына әсер етуіне қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса);
- химиялық заттарды пайдалануға шектеулерге қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса);
- қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде. Егер жоғарыда көрсетілген тілдерде құжаттар болмаған жағдайда, өтініш беруші өндірушінің түпнұсқа құжатын және нотариалды куәландырылған қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі аудармасын ұсынады;
- ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері;
- Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі.