Мешіттердегі имамдарды қызметке тағайындау және жұмысынан босату, жаза беру немесе басқа өңірге ауыстыру шаралары қандай мемлекеттік органның құзіретіне жатады?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Діни бірлестіктердің қызметі заңға қайшы келмеген жағдайда, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген. Осы орайда, мешіт имамдарын қызметке тағайындау, ескерту, сөгіс жариялау, оларды орнында қалдыру және қызметінен босату мәселелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей құзыретіне жататындығын мәлімдейміз.