2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша ақпарат
«Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1)Тұрғын үй сертификаттарын беру — 0;
2)Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру — 126;
3) Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу — 0;
4)Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару — 9.
2025 жылы ішінде бөлім 135 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: қағаз түрінде — 0, «электронды үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған қағаз түріндегі — 0, Мемлекеттік корпорация арқылы — 0, электронды түрде — 135.
Түскен өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша: 135 мемлекеттік қызмет оң нәтижемен көрсетілді, 10 өтінімге Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес дәлелді бас тарту жауабы берілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу орын алмады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықты хабардар мақсатында Жезқазған қаласы әкімінің аппараты және «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Instagram әлеуметтік беттерінде, тікелей эфирлер ұйымдастырды. Өткізілген шаралар шеңберінде бөлім мамандары мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, тікелей эфирде азаматтардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Сонымен қатар, «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Кенжегүл Аркешовна Ержанова «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші» байқауына қатысып, «2-ші орын» иеленді.
«Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары
және түрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшы А. Айтбаева