«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы электрондық түрде көрсетеді.
Есепті кезеңде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»;
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі».
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылы барлығы 16 өтінім түсіп, қаралды. Оның ішінде 4 өтінім жеке тұлғалардан және 12 өтінім заңды тұлғалардан түсті.
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі» мемлекеттік қызметі бойынша есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-нан 1 өтінім түсіп, қаралды.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ.