Жезқазған қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі
Жаңалықтар
Құжаттар
«Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы электрондық түрде көрсетеді. Есепті кезеңде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді: «Ағаштарды кесуге рұқсат беру»; «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі». «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылы барлығы 16 өтінім түсіп, қаралды. Оның ішінде 4 өтінім жеке тұлғалардан және 12 өтінім заңды тұлғалардан түсті. «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі» мемлекеттік қызметі бойынша есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-нан 1 өтінім түсіп, қаралды. 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Ақпараты
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: 1)Тұрғын үй сертификаттарын беру — 0; 2)Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру — 126; 3) Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу — 0; 4)Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару — 9. 2025 жылы ішінде бөлім 135 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: қағаз түрінде — 0, «электронды үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған қағаз түріндегі — 0, Мемлекеттік корпорация арқылы — 0, электронды түрде — 135. Түскен өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша: 135 мемлекеттік қызмет оң нәтижемен көрсетілді, 10 өтінімге Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес дәлелді бас тарту жауабы берілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу орын алмады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына шағымдар түскен жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықты хабардар мақсатында Жезқазған қаласы әкімінің аппараты және «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Instagram әлеуметтік беттерінде, тікелей эфирлер ұйымдастырды. Өткізілген шаралар шеңберінде бөлім мамандары мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, тікелей эфирде азаматтардың қойылған сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Кенжегүл Аркешовна Ержанова «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші» байқауына қатысып, «2-ші орын» иеленді. «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және түрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшы А. Айтбаева
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
