"Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы

    abay-boroduliha

    abay-boroduliha·

    Бородулиха ауданының құрметті тұрғындары!

    2026 жылғы 24 маусымда сағат 17-00-де аудан әкімдігінің ғимаратында "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы өтеді.

    Осы акция шеңберінде әр адам Қазақстан Республикасының тұрғын үй, еңбек, жер және өзге де заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады. Азаматтарды қабылдауды ауданның құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері жүзеге асыратын болады.

    Аудан тұрғындарын акцияға қатысуға және сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға шақырамыз.

    Күні: 2026 жылғы 24 маусым

    Уақыты: сағат 17:00

    Өтетін орны: Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69 (аудан әкімдігінің ғимараты)

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЖЗҚ: Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Ә дістемесі күшіне енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 [1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі. Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді. Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады. Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған. Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар. Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде. ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды. Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді. Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    abay-borodulihaЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ: «Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

    «Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады 2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды. НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары , 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын. 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) : - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент; - екінші жыл - 263 доллар 93 цент; - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет: - eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер"; - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға , яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар: - "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу), - "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу), - "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    abay-borodulihaЖарияланды:
    Ақпарат

    Бородулиха ауданында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл!

    Бородулиха ауданында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл! Бородулиха ауданы аумағында «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық шаруашылық» КМК және «Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш топтық су құбыры» КМК 2 комплаенс қызметі жұмыс істейді. Бұл комплаенс қызметтерінің қызметі квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған және комплаенс қызметтері туралы бекітілген үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі жоспарына сәйкес: - «Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш топтық су құбыры» КМК 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында -10 адам жұмысқа қабылданды, 10 адам жұмыстан шығарылды. Жұмыстан шығу себебі – қызметкердің бастамасымен, теріс себептермен және жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығу фактілері жоқ. Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың соттылығын міндетті түрде тексереді. Есепті кезеңде мүдделер қақтығысына байланысты лауазымдық міндеттерді орындаудан адамдарды шеттету фактілері анықталған жоқ. Кәсіпорынның интернет-ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» арнайы бөлімінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, онда тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады. 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 21 мемлекеттік сатып алу шарты тіркелді. Оның ішінде: 7 – бір көзден, 2 – электрондық дүкен, 12 – баға ұсыныстарын сұрау; - Абай облысы, Бородулиха ауданының «Коммуналдық шаруашылық» КМК-да 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында – 9 адам жұмысқа қабылданды, 24 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде 16 қазандық оператор (маусымдық). Жұмыстан шығу себебі – қызметкердің бастамасы бойынша, теріс себептермен және жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығу фактілері жоқ -Кәсіпорынның интернет-ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» арнайы бөлімінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, онда тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады. -2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 28 мемлекеттік сатып алу шарты тіркелді: -Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – 12; -Баға ұсыныстарын сұрау – 6; -Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден – 8; -Ашық конкурс – 2. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша кәсіпорын қызметкерлерімен семинарлар өткізілді және мінез-құлықтың нақты стандарттарын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарымен таныстырылды. Ұсынылатын шоттарда және түбіртектерде сыбайлас жемқорлық, парақорлық фактілеріне жол бермеу туралы ақпарат орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады. Шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, кәсіпорынның жеке және заңды тұлғалардан көрсеткен қызметтері үшін ақшалай немесе басқа да қандай да бір қаражатты заңсыз алу практикасына жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүргізіледі. Ұжымдарда ішкі саясатты жүргізу қызметкерлердің жеке мүдделері олардың кәсіби қызметіне әсер етуі мүмкін жағдайларды болдырмау мақсатында ықтимал мүдделер қақтығыстарын анықтауға және реттеуге бағытталған. Бұл саясат әріптестермен, жеткізушілермен, клиенттермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын қоса алғанда, қызметкерлердің корпоративтік этикасын және мінез-құлық стандарттарын регламенттейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    abay-borodulihaЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    Қ азақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады. «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания. Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    abay-borodulihaЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды

    Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Абай облысы бойынша филиалында 2026 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды. Өтініштерді талдау нәтижесінде өңір тұрғындарының көбіне құжат рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу қызметтеріне жүгінетіні белгілі болды. Өтініштер саны бойынша бірінші орынды Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен паспорттарын беру қызметі иеленді. Абай облысының ХҚКО-ларында белгіленген жасқа толуына, дербес деректерінің өзгеруіне, құжаттарының жоғалуына немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттарды рәсімдеу және ауыстыру бойынша шамамен 29 мың қызмет көрсетілді. Екінші орында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қызметі тұр. Бұл бағыт бойынша өңір тұрғындарына көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге қатысты 20 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Үшінші орынды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі иеленді. Бұл бағыт бойынша 16 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтар сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлік және жылжымайтын мүлікке қатысты өзге де мәмілелер кезінде меншік құқығын тіркеу үшін жүгінеді. «Бұл қызметтерге деген жоғары сұраныс өңір тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу үшін мемлекеттік сервистерді белсенді пайдаланатынын көрсетеді. Біздің міндетіміз – өңірдің әрбір тұрғынына сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Үмірзахов. Өткен жылмен салыстырғанда ең сұранысқа ие қызметтердің құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Облыс тұрғындары бұрынғыдай құжат рәсімдеу, көлік құралдарын және жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтеріне жиі жүгінеді. Бұл аталған мемлекеттік қызметтерге деген тұрақты сұранысты көрсетеді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта қолжетімді болғанымен, ХҚКО-лар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің маңызды буыны болып қала береді. Олар азаматтарға қажетті қызметтерді, кеңес беруді және қолайлы форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

    abay-borodulihaЖарияланды:
    Ақпарат

    2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

    2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 4045289 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 2853987 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 19618 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 767 теңге; трансферттер түсімдері – 1170917 мың теңге; 2) шығындар – 3297289 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 36049 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 110287 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 74238 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 711951 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 711951 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі –110287 мың теңге; қарыздарды өтеу – 822238 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/212-VIII шешімімен белгіленген, 2026 жылға аудан бюджетіне әлеуметтік салық 1%, мөлшерінде нормативтерді орындауға қабылдансын. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерге берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 283556 мың теңге сомасында ескерілсін, соның ішінде: Андреевка ауылдық округіне 32764 мың теңге; Бақы ауылдық округіне 10230 мың теңге; Белағаш ауылдық округіне 9608 мың теңге; Дмитриевка ауылдық округіне 11706 мың теңге; Жерновка ауылдық округіне 21899 мың теңге; Зубаир ауылдық округіне 16095 мың теңге; Құнарлы ауылдық округіне 20153 мың теңге; Красный Яр ауылдық округіне 24710 мың теңге; Новодворовка ауылдық округіне 15637 мың теңге; Новошульба ауылдық округіне 38295 мың теңге; Новопокровка ауылдық округіне 26243 мың теңге; Переменовка ауылдық округіне 667 мың теңге; Подборный ауылдық округіне 12894 мың теңге; Степной ауылдық округіне 17220 мың теңге; Таврия ауылдық округіне 25435 мың теңге. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 57488 мың теңге сомасында бекітілсін. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 727817 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін. Облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне 2026 жылға арналған нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 210466 мың теңге сомасында көзделсін. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 110287 мың теңге сомасында кредиттер көзделсін. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    abay-borodulihaЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.