Конкурс комиссиясы келесі лауазымдар бойынша конкурс комиссиясының оң нәтижесін алған кандидаттардың жоқтығы туралы шешім қабылдады:
Конкурстық комиссияның шешімі
Алматы қаласының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі
202 6 жылғы 16 маусымда сағ. 12 . 0 0 -де өтетін (онлайн режимінде ZOOM) әңгімелесуге жіберілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тізімі
Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және айыппұл тұрағында сақтау тәртібін өзгерту жоспарлануда
Алматыда әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау және мамандандырылған айыппұл тұрақтарының қызметін реттеудің жаңа тәсілдері қарастырылуда. Ұсынылып отырған шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мамандандырылған тұрақтардың жұмысын бірыңғай жүйеге келтіруге және көлік құралдарын эвакуациялау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Өзгерістердің негізгі мақсаттарының бірі – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Осы мақсатта ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау мен сақтау бойынша бірыңғай тәртіп енгізу, сондай-ақ аталған қызметтерге экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтер белгілеу ұсынылады. Қазіргі уақытта көлік құралын эвакуациялау тарифін 6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгілеу мәселесі қарастырылуда. Айыппұл тұрақтарында сақтау құны көлік құралының санатына қарай айқындалады: мотоциклдер мен екі доңғалақты көліктер үшін 1 АЕК-тен бастап, салмағы 12 тоннадан асатын ірі габаритті көлік құралдары үшін алғашқы тәулікке 4,5 АЕК-ке дейін белгілеу ұсынылады. Бұл ретте көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылған күн үшін төлем алынбайды. Сондай-ақ эвакуация қызметі үшін төлемнен босатылатын жағдайлар да қарастырылған. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар кезінде немесе көлік құралы айыппұл тұрағына жеткізілмей басқа орынға ғана жылжытылған жағдайда эвакуация үшін ақы алынбайды. Күтіліп отырған өзгерістер жол қозғалысы ережелерінің тоқтау және тұраққа қою талаптарын бұзу жағдайларын азайтуға, жүргізушілер тәртібін арттыруға, көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге, эвакуациялау және сақтау қызметтерін көрсетудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға, сондай-ақ жүйені азаматтар үшін анағұрлым түсінікті әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845429
Алматыда жол қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастырудың жаңа қағидалары қарастырылуда
Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақ кеңістігін басқару және электр самокаттарды реттеу жүйесін реформалауға бағытталған жаңа қағидалар жобасы қарауға ұсынылды. Бастамалар жолдардағы жүктемені азайтуға, қауіпсіздікті арттыруға және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Жобадағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына автотұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігін беру. Құжатқа сәйкес тұрғындар өздерінің тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан автотұрақта бір көлік құралы үшін бір жыл мерзімге тегін пайдалану рұқсатын рәсімдей алады. Бұл ретте иесіне нақты бір тұрақ орны бекітілмейді. Сондай-ақ ақылы автотұрақтарды пайдаланғаны үшін төлемнен босатылатын азаматтар санатын кеңейту ұсынылуда. Олардың қатарына ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар және электр көліктерінің иелері енгізілуі мүмкін. Төлемнен босату құқығы меншік иесінің таңдауы бойынша бір көлік құралына ғана қолданылады. Жоба аясында автотұрақ пайдаланушылары үшін тегін уақыт аралықтарын енгізу де көзделген. Атап айтқанда, тротуар бойындағы автотұрақтарда бес минутқа дейін, ал алаңдық автотұрақтардан шығу кезінде он минутқа дейін тегін уақыт беру ұсынылады. Жеке мобильділік құралдарын, оның ішінде электр самокаттарды реттеуге де ерекше назар аударылған. Қалада оларды орналастыруға арналған арнайы аймақтарды енгізу жоспарлануда. Электр самокаттарды тек арнайы таңбаланған орындарда қалдыруға рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін ретсіз тұраққа қоюға тыйым салынуы мүмкін. Жоба әзірлеушілерінің пікірінше, ұсынылып отырған шаралар ретсіз автотұрақтарды азайтуға, көшелердің өткізу қабілетін арттыруға, тұрақ орындарының қолжетімділігін жақсартуға және қоғамдық көліктің дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845425