Алматы қаласының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Алматы — аңыз бен ақиқат, көне дәуір мен заманауи өркениет, кең дала мен Тянь-Шаньның қарлы шыңдары тоғысқан қала. Тау баурайындағы шаһар ондаған жыл бойы табиғат пен урбанистика үйлесім тапқан ерекше қалалық кеңістік қалыптастырды.

    Алматының «қала-бақ» ретіндегі айрықша келбеті кездейсоқ пайда болған жоқ. Қаланы жоспарлы дамыту кезеңінен бастап жасыл көшелер, бульварлар, скверлер мен саябақтар жүйелі түрде салына бастады. Таулы өңірдің табиғи ерекшеліктері, өзен суларының молдығы және көгалдандыруға бағытталған дәйекті саясат нәтижесінде жасыл желек, әсіресе алма бақтары, сәндік элемент қана емес, қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналды. Әсіресе, алма бақтары Алматының табиғи болмысын айқындайтын белгіге айналып, алма қала символы ретінде алыс-жақынға танылды.

    Қаланың қазіргі тарихы 1854 жылы Верный бекінісінің негізі қаланған кезден бастау алады. Уақыт өте келе ол ірі әкімшілік орталыққа айналып, 1929 жылы Қазақстанның астанасы болды. Ондаған жыл бойы Алматы елдің саяси, ғылыми және мәдени өмірінің өзегі болды: мұнда мемлекеттік институттар құрылды, білім беру, өнер, сәулет және қалалық мәдениет қарқынды дамыды.

    1997 жылы астана көшірілгеннен кейін де Алматы өзінің стратегиялық маңызын сақтап қалды. Қала елдің жетекші экономикалық орталығы ретіндегі рөлін нығайтып, Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Бүгінде Алматы жалпы ішкі өнімнің шамамен бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша көш бастап отыр. Сауда, қызмет көрсету, қаржы және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы тұрақты өсім оның басты экономикалық драйвер ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.

    Бүгінде Алматы — Қазақстандағы ең ірі мегаполис, тау баурайындағы қала-бақ, даму мен мүмкіндіктер кеңістігі. Бұл тарихи мұрасын қадірлей отырып, заманауи келбетін қалыптастырып, болашаққа сенімді қадам басқан қала.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің ашылуы өтеді

    «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Халықаралық кемпинг түркі мемлекеттерінің жастары арасындағы достық байланысты нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналады. Іс-шара Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген белсенді жастардың басын қосады. Өтетін орны: Almaty Resorts, Әлмерек көшесі, 1/1 https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000870118?m=76.878451%2C43.174287%2F16 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 12 маусым, сағат 10:00 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы – Толғанай Данабекова +7 706 639 7054

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жастар және болашақ технологиялары: Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді

    2026 жылы 11 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған іс-шаралар аясында Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді. Форум жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсету, дағдарыс жағдайындағы психологиялық тұрақтылықты нығайту, спорттық психологияны дамыту және жастардың менталдық денсаулығын сақтау мәселесін талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Түркия Республикасы Жастар және спорт министрінің кеңесшісі, министрліктің Психоәлеуметтік қолдау қызметтері департаментінің басшысы Элиф Гүнеш және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі құттықтау сөз сөйлейді. Жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетуге арналған тақырыптық сессия барысында сарапшылар мен мамандар төтенше және дағдарыс жағдайындағы жастарға көмек көрсету тәжірибесін таныстырып, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, еріктілік бастамаларды дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағытындағы тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар күрделі өмірлік жағдайға тап болған жастарды қолдаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылайды. Форумның жеке бір бөлімі спорттық психология мәселесіне арналады. Қазақстандық және түркиялық мамандар психологиялық факторлардың спорттық жетістіктерге әсерін, спортшылардың менталдық денсаулығын сақтау, күйзеліске төзімділікті қалыптастыру және жоғары жүктеме мен бәсекелестік жағдайында нәтижелілікті арттыру мәселесін қарастырады. Өтетін орны: Most IT Hub (Almaty Hub), Қожанов көшесі, 2/2 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001065981797 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 15:30 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054.

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

    11 маусым күні сағат 19:00-де Асанәлі Әшімов театры көрермен назарына Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» драмасын ұсынады. Қоюшы режиссері – Данияр Базарқұлов. Бұл қойылым – қазіргі қоғамдағы ең нәзік әрі өзекті тақырыптардың бірі: ұстаз, ата-ана және бала арасындағы байланысты арқау етеді. Спектакль мектеп табалдырығындағы күнделікті тіршілік арқылы адамдық құндылықтарды, педагог мәртебесін және ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті көрсетеді. Режиссер Данияр Базарқұлов бұл туындыда мұғалімнің қоғамдағы образын тек білім беруші емес, тұлға қалыптастырушы ретінде ашады. Ата-ана мен мұғалімнің өзара түсіністігі – бала болашағының іргетасы. Туынды көрерменді бүгінгі қоғамның ащы шындығымен бетпе-бет әкеле отырып, маңызды сұрақтарға жауап іздеуге шақырады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және барша өнерсүйер қауымды ерекше атмосфераға, тағылымы мол әсерлі кешке куә болуға шақырамыз. Өтетін күні: 11 маусым 2026 жыл Уақыты: 19:00 Өтетін орны: Алматы қаласы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры. Бөгенбай батыр, 158 Автор: Қолғанат Мұрат Режиссер: Данияр Базарқұлов Instagram: ashimov_theatre Байланыс нөмірі: +77750252563

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    г. Алматы, Республиканский государственный академический корейский театр музыкальной комедии, ул. Богенбай батыра, 158Алматы қаласының әкімдігі
    ОтырысАяқталды

    Алматыда Түркия жастары делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында сессия өтеді

    «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында арнайы сессия ұйымдастырылады. Іс-шара «Қайрат» футбол клубы академиясының базасында өтеді және жастардың психологиялық тұрақтылығы, күйзелісті басқару, ішкі мотивацияны дамыту, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерді тиімді еңсеру дағдыларын қалыптастыру мәселесіне арналады. Кездесудің спикері ретінде «Қайрат» футбол клубының спорт психологы қатысады. Ол кәсіби спортта заманауи психологиялық тәжірибелерді қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және эмоционалдық саулықты сақтаудағы менталдық дайындықтың маңызы туралы әңгімелейді. Өтетін орны: «Қайрат» ФК академиясы, Майлин көшесі, 230 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001018815568 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 12:00. Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    Академия ФК «Кайрат», ул. Майлина, 230,Алматы қаласының әкімдігі
    ОтырысАяқталды

    Сіздерді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2026 жылғы 7 маусымда Алматыдағы Абай алаңында өтетін Халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне шақырамыз.

    The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Іс-шара аясында әлемнің түрлі елінен келген әртістер world music, ethno fusion және заманауи этникалық музыка жанрларында өнер көрсетеді. Фестивальдің арнайы қонағы – әндерін әлемдегі миллиондаған тыңдарман сүйіп тыңдайтын әйгілі Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds. Фестиваль қонақтары үшін демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері фестивальдің сахна сыртына өтіп, әртістер және ұйымдастырушылармен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, сұхбат алып, жылдың ең елеулі мәдени оқиғасы туралы материал дайындай алады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы ең елеулі мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. Күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Абай алаңы, Алматы Фестиваль алаңы 12:00-де жұмысын бастайды Концерттік бағдарлама 18:00-де басталады БАҚ өкілдерін аккредитациядан өтіп, іс-шара аясында жұмыс істеу үшін фестиваль өтетін алаңға сағат 17:30-да келуге шақырамыз. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 6 маусым сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін +7 (702) 936 9359 нөміріне хабарласыңыздар. WhatsApp: +7 (705) 189 5268, +7 (776) 203 7091 Email: [email protected]

    7 маусым 2026 ж.Тікелей
    площадь Абая, АлматыАлматы қаласының әкімдігі
    ОтырысАяқталды

    Enigma дауысы, әлемдік этно-хиттер және қала төріндегі open-air: Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді

    7 маусым күні Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шараға қатысатын арнайы қонақтардың бірі Andru Donalds. Ол композициялары дүние жүзіне кеңінен танылып, бірнеше буынның музыкалық мәдениетіне айналған Enigma жобасының вокалисі. The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Фестиваль заманауи этникалық музыка, world music, ethno fusion және ұлттық әуен мен қазіргі музыкалық бағыттар үндескен түрлі жанрларды ұсынатын, әлемнің әр түкпірінен келген орындаушылардың басын қосады. Әр жылдары фестиваль сахнасында Еуропа мен Азияның танымал артистері мен музыкалық ұжымдары өнер көрсетті. Жоба мәдени байланысты нығайтып, этникалық музыканы насихаттайтын әрі заманауи музыкалық бастамаларды қолдайтын маңызды алаңға айналды. Биыл фестиваль аумағында демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. Фестиваль сағат 12:00-де ашылып, ал кешкі музыкалық бағдарлама 18:00-де басталады. Ұйымдастырушылар қазақстандық орындаушыларды қолдауға және заманауи этно-сахнаны дамытуға ерекше мән береді. Биыл фестиваль аясында алғаш рет этно, фолк және contemporary world music жанрларында өнер көрсететін отандық музыканттар мен топтарға арналған open call ұйымдастырылады. Өтінім фестивальдің ресми сайтында 26 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. bema! Best Experience Marketing Awards – оқиғалық маркетинг пен коммуникация (event marketing және experience marketing) саласындағы халықаралық сыйлық әрі фестиваль. Өтетін күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Алматы, Абай алаңы Кіру тегін

    7 маусым 2026 ж.Тікелей
    площадь Абая, АлматыАлматы қаласының әкімдігі

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына 2026–2027 оқу жылына балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде балаларды 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті OQU Ұлттық білім беру платформасы (https://oqu.edu.kz) немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ тікелей білім беру ұйымына барып, қағаз форматында беруге болады. 2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдауды Алматы қаласының 214 мемлекеттік мектебі жүргізеді. №10, 15, 17 мектеп-интернаттары қабылдауды жолдамалар бойынша қағаз форматында жүзеге асырады. Қабылдау «3-те 1» принципі бойынша жүргізіледі: мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға арналған әрбір 3 орынға шағын ауданнан тыс жерден түсетін балалар үшін 1 орын қарастырылған. Мектептің қызмет көрсету аумағында (шағын ауданда) тұратын балалардың қабылдануға басым құқығы бар. Сонымен қатар, ата-аналар (заңды өкілдер) бос орындар болған жағдайда кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш беруге құқылы. Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжайды растау мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады. 1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар өткізіледі: баланың 3×4 фотосуреті; профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны); баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны); ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) қорытындысы — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін. Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылдана алады. Өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша ата-аналар білім беру ұйымына немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне хабарласа алады.

    Сұрақ

    Демалыс күнгі жәрмеңкеге қатысуға өтінішті қайда тапсыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстары «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған ұйым өтінімдерді қабылдап, қатысушылардың тізімін қалыптастырады және сауда орындарын бөледі. Өтінім беру тәртібі Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге қатысу үшін өтініш беруші «Алматы» ӘКК» АҚ-ға жүгінуі қажет. Өтінімде келесі негізгі мәліметтер көрсетіледі: * өтініш беруші туралы деректер (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға); * сатылатын өнімнің түрі; * қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттар. Қажетті құжаттар Жәрмеңкеге қатысу үшін, әдетте, мынадай құжаттар талап етіледі: * қатысу туралы өтінім (белгіленген үлгі бойынша немесе еркін нысанда); * жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі; * өнімге қатысты құжаттар (тауар санатына байланысты сапа сертификаттары, ветеринариялық анықтамалар және басқа да құжаттар); * өтініш берушінің жеке куәлігі. Өтінімдерді қарау мерзімі * өтінімдер келіп түсу ретіне қарай қаралады; * құжаттарды жәрмеңкеге қатысатын күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын тапсыру ұсынылады; * бұл қатысушылар тізімін қалыптастыру және сауда орындарын бөлу үшін қажет. Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады Қосымша түсіндіру жұмыстарын «Алматы» ӘКК» АҚ-нан алуға болады: * ресми сайты: spkalmaty.kz; * мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 115-кабинет. Мысал Мысалы, көкөніс өнімдерін сатуды жоспарлаған кәсіпкер алдын ала «Алматы» ӘКК» АҚ-ға өтінім беріп, қажетті құжаттар топтамасын қоса ұсынады және сауда орнының берілгені туралы растауды күтеді.

    Сұрақ

    Баланы балабақшаға қалай орналастыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Балабақшаға өтінімді қалай беруге болады Өтінім «Balabaqsha SmartNation» жүйесі арқылы онлайн форматта беріледі. Ол үшін ата-аналарға: * баланы электрондық кезекке тіркеу; * қажетті мәліметтерді енгізу; * жеке кабинет арқылы кезектің жылжуын бақылау қажет. Балабақшадағы орын қалай беріледі Қабылдау үдерісі толықтай электрондық форматта жүргізіледі: * кезек келген кезде жүйе ваучер берілгені туралы хабарлама жолдайды; * ата-ана ваучерді алғанын растап, мектепке дейінгі ұйымды таңдайды; * таңдау расталғаннан кейін бала көрсетілген балабақшаға қабылданады. Кеңес алу үшін қайда жүгінуге болады Қосымша түсіндіру немесе кеңес алу қажет болған жағдайда ата-аналар: * аудандық білім бөліміне; * таңдалған балабақшаға; * «Balabaqsha SmartNation» жүйесінің бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

    Сұрақ

    Жаз мезгілінде балаларға қандай үйірмелер мен секциялар қолжетімді және баланы қалай жазуға болады?

    Жауап

    Жазғы кезеңде Алматы қаласында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы жалғасады. Олар шығармашылық, спорттық және танымдық бағыттар бойынша түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Жазда қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді Балалар үшін келесі бағыттар қолжетімді: * спорт секциялары: футбол, жүзу, жекпе-жек өнері және спорттың басқа түрлері; * шығармашылық үйірмелер: сурет салу, музыка, би, театр студиялары; * білім беру бағыттары: тілдерді үйрену, робототехника, мектепке дайындық курстары. Үйірмелердің бір бөлігі мемлекеттік тапсырыс аясында тегін ұсынылса, енді бір бөлігі ақылы негізде жұмыс істейді. Баланы үйірмеге немесе секцияға қалай жазуға болады Жазылу арнайы онлайн платформалар арқылы жүзеге асырылады. DamuBala.kz порталы арқылы Бұл платформа спорттық және шығармашылық үйірмелерге жазылуға арналған. Жазылу тәртібі: * порталға тіркелу; * қажетті бағыт пен ұйымды таңдау; * онлайн өтінім беру; * бос орын болған жағдайда растау алу. BilimAlmaty.kz порталы арқылы Портал қосымша білім беру бағдарламаларына жазылу үшін пайдаланылады. Жазылу тәртібі: * қажетті үйірмені немесе бағытты таңдау; * өтінімді толтыру; * ұйымнан растау хабарламасын күту. Қажетті құжаттар Көп жағдайда келесі мәліметтер қажет: * баланың деректері (ЖСН, туу туралы куәлігі); * ата-ананың немесе заңды өкілдің байланыс мәліметтері; * қажет болған жағдайда медициналық анықтама (әсіресе спорт секциялары үшін). Оқу мерзімі мен төлем тәртібі Үйірмелерге қабылдау алдын ала басталып, жаз мезгілі бойы бос орындардың болуына қарай жалғасады. Оқу құны бағдарламаға байланысты белгіленеді: кейбір үйірмелер мемлекеттік тапсырыс аясында тегін ұсынылады, ал кейбірі ақылы негізде жүргізіледі. Жазылу тәртібі (мысал) Мысалы, ата-ана баласын футбол секциясына жаздырғысы келсе, DamuBala.kz порталына кіріп, өзіне ыңғайлы секцияны таңдайды, өтінім береді және өтінім мақұлданғаннан кейін бала жаттығуларға қатыса бастайды. Маңызды жайттар * орын саны шектеулі; * сұраныс жоғары үйірмелердегі орындар тез толады; * бос орын болмаған жағдайда балама секцияны таңдауға немесе күту тізіміне өтінім беруге болады.

    Сұрақ

    Алматыда балаларға арналған жазғы лагерьлер жұмыс істей ме, оған қалай жазылуға болады және қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Жауап

    Алматы қаласында жазғы кезеңде балаларды сауықтыру лагерьлерінің жұмысы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Балалардың демалысы маусым-тамыз айларында өткізіледі, ал жолдамалар білім беру ұйымдары арқылы бөлінеді. Тегін жолдама алуға кімдер құқылы (жеңілдік санаттары) Тегін жолдамалар келесі санаттағы балаларға беріледі: * аз қамтылған отбасылардың балаларына; * жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; * ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға. Тізімдер растайтын құжаттар негізінде мектептер мен аудандық білім бөлімдері арқылы қалыптастырылады. Жазғы лагерьге қалай жазылуға болады Жазғы демалысқа қатысу туралы өтінішті екі тәсілмен беруге болады: Мектеп арқылы Ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінеді. Өтініш сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшілігі арқылы қабылданады. Білім беру ұйымы тиісті тізімдерді қалыптастырып, қажетті ақпаратты ұсынады. Аудандық білім бөлімі арқылы Егер бала мектептің тізіміне енгізілмеген болса, ата-аналар тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне жүгіне алады. Қажетті құжаттар Әдетте келесі құжаттар талап етіледі: * ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; * баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; * жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда); * баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Жолдамаларды беру мерзімі мен тәртібі Жазғы демалысқа арналған тізімдер алдын ала, негізінен көктем мезгілінде қалыптастырылады. Лагерьлердің жұмысы жаз айларында ұйымдастырылады. Жолдамалар бекітілген тізімдер негізінде бөлінеді. Жолдаманы алу тәртібі Жеңілдік санатына жататын ата-ана құжаттарды мектеп арқылы тапсырады. Құжаттар қаралып, бала тізімге енгізілгеннен кейін мектеп демалыс орны мен лагерьге бару күні туралы ақпарат береді. Маңызды шарттар * орын саны шектеулі; * өтініштерді алдын ала беру ұсынылады; * негізгі тізімде орын болмаған жағдайда қосымша жолдамалар бойынша ақпаратты нақтылауға немесе ақылы демалыс нұсқаларын қарастыруға болады. Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады * мектеп әкімшілігіне; * тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық білім бөліміне.

    Сұрақ

    Мен қаладағы үйдің иесімін, менің меншігімнің айналасындағы аумақты тазалауға кім жауапты?

    Жауап

    Сіз меншік иесі ретінде іргелес аумақты (периметрі бойынша 5 метр) қоқыстардан, қардан, мұздан тазартуды және шөп шабуды қоса алғанда, таза ұстауды қамтамасыз етуге міндеттісіз. Бұл сіздің есебіңізден немесе мамандандырылған ұйыммен келісім-шарт жасауыңызға болады.

    Решение

    Конкурстық комиссияның шешімі

    Конкурс комиссиясы келесі лауазымдар бойынша конкурс комиссиясының оң нәтижесін алған кандидаттардың жоқтығы туралы шешім қабылдады:

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    График

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    202 6 жылғы 16 маусымда сағ. 12 . 0 0 -де өтетін (онлайн режимінде ZOOM) әңгімелесуге жіберілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тізімі

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Пресс-релиз

    Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және айыппұл тұрағында сақтау тәртібін өзгерту жоспарлануда

    Алматыда әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау және мамандандырылған айыппұл тұрақтарының қызметін реттеудің жаңа тәсілдері қарастырылуда. Ұсынылып отырған шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мамандандырылған тұрақтардың жұмысын бірыңғай жүйеге келтіруге және көлік құралдарын эвакуациялау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Өзгерістердің негізгі мақсаттарының бірі – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Осы мақсатта ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау мен сақтау бойынша бірыңғай тәртіп енгізу, сондай-ақ аталған қызметтерге экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтер белгілеу ұсынылады. Қазіргі уақытта көлік құралын эвакуациялау тарифін 6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгілеу мәселесі қарастырылуда. Айыппұл тұрақтарында сақтау құны көлік құралының санатына қарай айқындалады: мотоциклдер мен екі доңғалақты көліктер үшін 1 АЕК-тен бастап, салмағы 12 тоннадан асатын ірі габаритті көлік құралдары үшін алғашқы тәулікке 4,5 АЕК-ке дейін белгілеу ұсынылады. Бұл ретте көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылған күн үшін төлем алынбайды. Сондай-ақ эвакуация қызметі үшін төлемнен босатылатын жағдайлар да қарастырылған. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар кезінде немесе көлік құралы айыппұл тұрағына жеткізілмей басқа орынға ғана жылжытылған жағдайда эвакуация үшін ақы алынбайды. Күтіліп отырған өзгерістер жол қозғалысы ережелерінің тоқтау және тұраққа қою талаптарын бұзу жағдайларын азайтуға, жүргізушілер тәртібін арттыруға, көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге, эвакуациялау және сақтау қызметтерін көрсетудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға, сондай-ақ жүйені азаматтар үшін анағұрлым түсінікті әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845429

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Пресс-релиз

    Алматыда жол қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастырудың жаңа қағидалары қарастырылуда

    Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақ кеңістігін басқару және электр самокаттарды реттеу жүйесін реформалауға бағытталған жаңа қағидалар жобасы қарауға ұсынылды. Бастамалар жолдардағы жүктемені азайтуға, қауіпсіздікті арттыруға және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Жобадағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына автотұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігін беру. Құжатқа сәйкес тұрғындар өздерінің тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан автотұрақта бір көлік құралы үшін бір жыл мерзімге тегін пайдалану рұқсатын рәсімдей алады. Бұл ретте иесіне нақты бір тұрақ орны бекітілмейді. Сондай-ақ ақылы автотұрақтарды пайдаланғаны үшін төлемнен босатылатын азаматтар санатын кеңейту ұсынылуда. Олардың қатарына ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар және электр көліктерінің иелері енгізілуі мүмкін. Төлемнен босату құқығы меншік иесінің таңдауы бойынша бір көлік құралына ғана қолданылады. Жоба аясында автотұрақ пайдаланушылары үшін тегін уақыт аралықтарын енгізу де көзделген. Атап айтқанда, тротуар бойындағы автотұрақтарда бес минутқа дейін, ал алаңдық автотұрақтардан шығу кезінде он минутқа дейін тегін уақыт беру ұсынылады. Жеке мобильділік құралдарын, оның ішінде электр самокаттарды реттеуге де ерекше назар аударылған. Қалада оларды орналастыруға арналған арнайы аймақтарды енгізу жоспарлануда. Электр самокаттарды тек арнайы таңбаланған орындарда қалдыруға рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін ретсіз тұраққа қоюға тыйым салынуы мүмкін. Жоба әзірлеушілерінің пікірінше, ұсынылып отырған шаралар ретсіз автотұрақтарды азайтуға, көшелердің өткізу қабілетін арттыруға, тұрақ орындарының қолжетімділігін жақсартуға және қоғамдық көліктің дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845425

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.