Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Алматы қаласының әкімдігі

    Ұқсас материалдар

    Пресс-релиз

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысының жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды. Жобада Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ені кемінде екі шақырым болатын, жалпы ауданы 7 652,54 гектарды құрайтын күзет аймағын жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай белгілеу көзделген. Құжатты қабылдау Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағын қолайсыз антропогендік әсерден ерекше қорғауды қамтамасыз етуге, экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, жобада «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу көзделген. Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 мамырдағы №6001-22-00-6ап/2159 қаулысының орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жергілікті атқарушы органның өкілеттіктерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15852886 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Решение

    Конкурстық комиссияның шешімі

    Конкурс комиссиясы келесі лауазымдар бойынша конкурс комиссиясының оң нәтижесін алған кандидаттардың жоқтығы туралы шешім қабылдады:

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Пресс-релиз

    Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және айыппұл тұрағында сақтау тәртібін өзгерту жоспарлануда

    Алматыда әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау және мамандандырылған айыппұл тұрақтарының қызметін реттеудің жаңа тәсілдері қарастырылуда. Ұсынылып отырған шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мамандандырылған тұрақтардың жұмысын бірыңғай жүйеге келтіруге және көлік құралдарын эвакуациялау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Өзгерістердің негізгі мақсаттарының бірі – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Осы мақсатта ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау мен сақтау бойынша бірыңғай тәртіп енгізу, сондай-ақ аталған қызметтерге экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтер белгілеу ұсынылады. Қазіргі уақытта көлік құралын эвакуациялау тарифін 6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгілеу мәселесі қарастырылуда. Айыппұл тұрақтарында сақтау құны көлік құралының санатына қарай айқындалады: мотоциклдер мен екі доңғалақты көліктер үшін 1 АЕК-тен бастап, салмағы 12 тоннадан асатын ірі габаритті көлік құралдары үшін алғашқы тәулікке 4,5 АЕК-ке дейін белгілеу ұсынылады. Бұл ретте көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылған күн үшін төлем алынбайды. Сондай-ақ эвакуация қызметі үшін төлемнен босатылатын жағдайлар да қарастырылған. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар кезінде немесе көлік құралы айыппұл тұрағына жеткізілмей басқа орынға ғана жылжытылған жағдайда эвакуация үшін ақы алынбайды. Күтіліп отырған өзгерістер жол қозғалысы ережелерінің тоқтау және тұраққа қою талаптарын бұзу жағдайларын азайтуға, жүргізушілер тәртібін арттыруға, көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге, эвакуациялау және сақтау қызметтерін көрсетудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға, сондай-ақ жүйені азаматтар үшін анағұрлым түсінікті әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845429

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Пресс-релиз

    Алматыда жол қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастырудың жаңа қағидалары қарастырылуда

    Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақ кеңістігін басқару және электр самокаттарды реттеу жүйесін реформалауға бағытталған жаңа қағидалар жобасы қарауға ұсынылды. Бастамалар жолдардағы жүктемені азайтуға, қауіпсіздікті арттыруға және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Жобадағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына автотұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігін беру. Құжатқа сәйкес тұрғындар өздерінің тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан автотұрақта бір көлік құралы үшін бір жыл мерзімге тегін пайдалану рұқсатын рәсімдей алады. Бұл ретте иесіне нақты бір тұрақ орны бекітілмейді. Сондай-ақ ақылы автотұрақтарды пайдаланғаны үшін төлемнен босатылатын азаматтар санатын кеңейту ұсынылуда. Олардың қатарына ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар және электр көліктерінің иелері енгізілуі мүмкін. Төлемнен босату құқығы меншік иесінің таңдауы бойынша бір көлік құралына ғана қолданылады. Жоба аясында автотұрақ пайдаланушылары үшін тегін уақыт аралықтарын енгізу де көзделген. Атап айтқанда, тротуар бойындағы автотұрақтарда бес минутқа дейін, ал алаңдық автотұрақтардан шығу кезінде он минутқа дейін тегін уақыт беру ұсынылады. Жеке мобильділік құралдарын, оның ішінде электр самокаттарды реттеуге де ерекше назар аударылған. Қалада оларды орналастыруға арналған арнайы аймақтарды енгізу жоспарлануда. Электр самокаттарды тек арнайы таңбаланған орындарда қалдыруға рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін ретсіз тұраққа қоюға тыйым салынуы мүмкін. Жоба әзірлеушілерінің пікірінше, ұсынылып отырған шаралар ретсіз автотұрақтарды азайтуға, көшелердің өткізу қабілетін арттыруға, тұрақ орындарының қолжетімділігін жақсартуға және қоғамдық көліктің дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845425

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.