Аудан әкімі аппаратының «11» маусым 2026 жыл
мәжіліс залы, 3-қабат №1сағат 18:00
Төрағалық етті: С.Ж. Нургалиев – кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.
Отырысқа шақырылды: жұмыс тобының мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары.
КҮН ТӘРТІБІ:
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау».
___________________________________________________________
(Б.Т. Сисенова)
ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңіндегі қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдар бекітілсін;
2.1. Ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілсін;
2.2. Жария талқылау нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау кәсіпкерлік бөлімінің басшысына жүктелсін.
Қолдары:
Жұмыс тобының жетекшісі С. Нургалиев
Жұмыс тобының мүшелері:Б. Сисенова
А. Палагутина
А. Каримова
З. Аубакирова