«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

    kostanai-karabalyk-audany-akimat

    kostanai-karabalyk-audany-akimat·

    2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 316 223өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94млн АҚШ доллары сомасына 114 978өтініш орындалды.

    НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.

    Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды.

    Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау.

    Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

    Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

    18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

    Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

    - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

    - екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

    - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

    18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

    Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

    • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
    • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

    Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

    Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

    • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
    • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
    • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

    Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

    kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

    «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

    https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0


    «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

    https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0


    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

    «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

    https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

    https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

    «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

    https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

    https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ


    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:

    https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

    https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 [1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі. Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді. Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады. Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған. Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар. Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде. ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды. Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді. Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған. [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды. Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, «мақсатымыз – бүкіл жинақты қазір үлестіріп, азаматтарды қарттық шағында лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін қадап айтқан болатын. Жыл БЖЗҚ өтінім берушілердің арнайы шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды: Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға (сома, млн теңге) Емделу ақысын төлеуге (сома, млн теңге) 2021 2 468 085 126 542 2022 703 232 192 391 2023 170 905 100 386 2024 396 683 173 875 2025 824 360 391 733 1.01.2026 ж. бастап 31.05.26 ж. дейін (01.06.2026 жағдай бойынша) 318 206 333 Осы жылдары алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті Қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары түскен жарналардан да асып кетті. Сондай-ақ жинақтарды шығару олардан алынбай қалған инвестициялық кірістің өсуіне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнеткерлік жастағы жинақтардың айтарлықтай азаюына себеп болады. Еске сала кетейік, Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі өсіп келеді және қазір шамамен 40%-ды құрайды, ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады. Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі және экономиканың тұрақты өсімінің негізі болып саналады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады, ал Қазақстанда қазір зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр. Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті – болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сол себепті азаматтардың болашақ зейнетақысының лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтау және оларды Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы ұзақ мерзімді инвестициялау есебінен одан ары арттыру маңызды.

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Протокол

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың № 1 хаттамасы

    Аудан әкімдігі 109 кабинет , 1 қабат № 1 2026 жылғы «11» маусым Сағ. 15: 3 0 Төрағалық етеді : С.А.Зейналова – Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы. Отырысқа шақырылғандар: жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары. КҮН ТӘРТІБІ : « «Қ арабалық ауданы әкім дігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар қабылдау.» (С.А. Зейналова) ШЕШТІ : 2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамада баяндалған ұсынымдар бекітілсін. Бөлімнің мамандары: 3.1 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Бөлім басшысының орынбасары: 4.1 Жария талқылау нәтижелерін аудан әкімдігінің ресми интернет – ресурсында заңнамада белгіленген тәртіппен орналастырсын. Осы хаттаманың орындалуын бақылау бөлім басшысының міндетін атқарушыға қалдырылсын. Қолдары : Жұмыс тобының басшысы С. Зейналова Жұмыс тобының мүшелері : С. Зейналова А. Бейсембаев

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Протокол

    №1 хаттама Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

    Аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залы, 3-қабат № 1 2026 жылғы 11 маусым сағат 15:00 Төрағалық етті: Шрейдер Д. А. – Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл. Отырысқа шақырылды: жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары. КҮН ТӘРТІБІ: « Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау. ________________________________________________________ (Н. В. Грибенюк) ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдар бекітілсін. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына: 3.1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шараларды ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарға сәйкес орындауды қамтамасыз ету. Заң бөліміне: 4.1. Жария талқылау нәтижелерін аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында заңнамада белгіленген тәртіппен орналастыру. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. ҚОЛ ҚОЮШЫЛАР: Жұмыс тобының жетекшісі: Н. Грибенюк Жұмыс тобының мүшелері: Е. Абденова А. Дощанова Г. Есенова А. Жунусов О. Мурзина Г. Разяпова

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Протокол

    № 1 хаттама Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

    Қосмонавтар көшесі, 16, 11 маусым 2026 жылғы 1-қабат, № 4 кабинет № 1 сағат 15:00 Төрағалық етуші: Коваленко С.И. – «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы. Отырысқа шақырылғандар: жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары. КҮН ТӘРТІБІ: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау. (Ходоровская О.Н.) ҚАУЛЫ ЕТТІ: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамада баяндалған ұсынымдар бекітілсін. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ басшысына: 3.1. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ басшысына: 4.1. жария талқылау нәтижелерін заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін. Осы хаттаманың орындалуын бақылау «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Протокол

    № 1 хаттама Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

    Қосмонавтар көшесі, 16, 11 маусым 2026 жылғы 1-қабат, № 4 кабинет № 1 сағат 15:00 Төрағалық етуші: Коваленко С.И. – «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы. Отырысқа шақырылғандар: жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары. КҮН ТӘРТІБІ: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « Отбасын қолдау орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау. (Нестерова Н.Б.) ҚАУЛЫ ЕТТІ: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамада баяндалған ұсынымдар бекітілсін. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің « Отбасын қолдау орталығы » КММ басшысына: 3.1. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Протокол

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы №1 ХАТТАМА

    Аудан әкімі аппаратының « 11» маусым 2026 жыл мәжіліс залы, 3-қабат №1 сағат 18:00 Төрағалық етті: С.Ж. Нургалиев – кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі. Отырысқа шақырылды: жұмыс тобының мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары. КҮН ТӘРТІБІ: «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау». ___________________________________________________________ (Б.Т. Сисенова) ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ : «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңіндегі қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдар бекітілсін; 2.1. Ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілсін; 2.2. Жария талқылау нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын. Осы хаттаманың орындалуын бақылау кәсіпкерлік бөлімінің басшысына жүктелсін. Қолдары: Жұмыс тобының жетекшісі С. Н урга лиев Жұмыс тобының мүшелері: Б. Сисенова А. Палагутина А. Каримова З. Аубакирова

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    Протокол

    Сыбайлас жемқорлық тәуекел нәтижелерді көпшілікпен талқылау ішкі талдау № 1 хаттамасы

    Өтетін орны: «Тоғызақ арена» ғимараты Қарабалық кенті № 202 кабинет, 2 қабат 2026 жылғы "11" маусым Сағат 16: 00. Төрағалық етеді: А. К. Исеков – Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының м. а. Отырысқа шақырылды: бұйрық бойынша жауапты адам, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылды. КҮН ТӘРТІБІ: "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің" бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау", сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар қабылдау". ШЕШТІ: Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері 2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың 1 қаңтарынан 10 маусымына дейінгі кезеңде мақұлдансын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамада баяндалған ұсынымдар бекітілсін. Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етілсін. Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жария талқылау нәтижелерін Қарабалық ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурс жүйесіне заңда белгіленген тәртіппен орналастырсын. Осы хаттаманың орындалуын бақылау "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушыға қалдырылсын. Басшының м. а. А. Исеков Комиссия мүшелері: М. Қанатова Ж. Бигазин Т. Әбілпанов А. Балмағамбетов

    kostanai-karabalyk-audany-akimatЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.