Қосмонавтар көшесі, 16, 11 маусым2026 жылғы
1-қабат, № 4 кабинет № 1 сағат 15:00
Төрағалық етуші:
Коваленко С.И. – «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
Отырысқа шақырылғандар:
жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары.
КҮН ТӘРТІБІ:
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау.
(Ходоровская О.Н.)
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамада баяндалған ұсынымдар бекітілсін.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ басшысына:
3.1. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ басшысына:
4.1. жария талқылау нәтижелерін заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.