
2022 жылғы 30 маусымда сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен Майлин көшесі, 42 мекенжайда орналасқан Мәдениет үйінде кездеседі.

2022 жылғы 30 маусымда сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен Майлин көшесі, 42 мекенжайда орналасқан Мәдениет үйінде кездеседі.
2026 жылы 19 маусымда сағат 16:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде музейдің 45 жылдық мерейтойы және Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының ашылғанына бір жыл толуына орай дәстүрлі екі португал гитарасын музей қорына табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтеді. Португал гитарасы – Португалияның ең танымал музыкалық аспаптарының бірі. Ол ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген елдің әйгілі музыкалық жанры – фадомен тығыз байланысты. Іс-шара бағдарламасы аясында португал музыкалық өнерінің көрнекті өкілдері – португал гитарасының шебері Луиш Геррейру, фаду әншісі Матилде Сид және классикалық гитара орындаушысы Жуан Филипе арнайы концерттік бағдарлама ұсынады. Олардың орындауында қонақтар португал гитарасының қайталанбас әуезін тыңдап, аспаптың тарихы, жасалу ерекшелігі және Португалияның музыкалық мәдениетіндегі айрықша орны туралы жан-жақты мағлұмат ала алады. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Португалия Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Салтанатты іс-шара Қазақстан мен Португалия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ музейдің халықаралық музыкалық аспаптар коллекциясын толықтыруға бағытталған маңызды мәдени бастама. Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді аталған мәдени шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз! Өтетін орны: Алматы қ., Зенков көшесі, 24а Күні мен уақыты: 19.06.2026; 16:00 Сайт: https://almatymuseums.kz/ Instagram: @ykhlas_museum Байланыс телефоны: +7 747 934 9459
«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Халықаралық кемпинг түркі мемлекеттерінің жастары арасындағы достық байланысты нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналады. Іс-шара Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген белсенді жастардың басын қосады. Өтетін орны: Almaty Resorts, Әлмерек көшесі, 1/1 https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000870118?m=76.878451%2C43.174287%2F16 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 12 маусым, сағат 10:00 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы – Толғанай Данабекова +7 706 639 7054
2026 жылы 11 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған іс-шаралар аясында Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді. Форум жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсету, дағдарыс жағдайындағы психологиялық тұрақтылықты нығайту, спорттық психологияны дамыту және жастардың менталдық денсаулығын сақтау мәселесін талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Түркия Республикасы Жастар және спорт министрінің кеңесшісі, министрліктің Психоәлеуметтік қолдау қызметтері департаментінің басшысы Элиф Гүнеш және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі құттықтау сөз сөйлейді. Жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетуге арналған тақырыптық сессия барысында сарапшылар мен мамандар төтенше және дағдарыс жағдайындағы жастарға көмек көрсету тәжірибесін таныстырып, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, еріктілік бастамаларды дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағытындағы тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар күрделі өмірлік жағдайға тап болған жастарды қолдаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылайды. Форумның жеке бір бөлімі спорттық психология мәселесіне арналады. Қазақстандық және түркиялық мамандар психологиялық факторлардың спорттық жетістіктерге әсерін, спортшылардың менталдық денсаулығын сақтау, күйзеліске төзімділікті қалыптастыру және жоғары жүктеме мен бәсекелестік жағдайында нәтижелілікті арттыру мәселесін қарастырады. Өтетін орны: Most IT Hub (Almaty Hub), Қожанов көшесі, 2/2 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001065981797 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 15:30 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054.
11 маусым күні сағат 19:00-де Асанәлі Әшімов театры көрермен назарына Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» драмасын ұсынады. Қоюшы режиссері – Данияр Базарқұлов. Бұл қойылым – қазіргі қоғамдағы ең нәзік әрі өзекті тақырыптардың бірі: ұстаз, ата-ана және бала арасындағы байланысты арқау етеді. Спектакль мектеп табалдырығындағы күнделікті тіршілік арқылы адамдық құндылықтарды, педагог мәртебесін және ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті көрсетеді. Режиссер Данияр Базарқұлов бұл туындыда мұғалімнің қоғамдағы образын тек білім беруші емес, тұлға қалыптастырушы ретінде ашады. Ата-ана мен мұғалімнің өзара түсіністігі – бала болашағының іргетасы. Туынды көрерменді бүгінгі қоғамның ащы шындығымен бетпе-бет әкеле отырып, маңызды сұрақтарға жауап іздеуге шақырады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және барша өнерсүйер қауымды ерекше атмосфераға, тағылымы мол әсерлі кешке куә болуға шақырамыз. Өтетін күні: 11 маусым 2026 жыл Уақыты: 19:00 Өтетін орны: Алматы қаласы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры. Бөгенбай батыр, 158 Автор: Қолғанат Мұрат Режиссер: Данияр Базарқұлов Instagram: ashimov_theatre Байланыс нөмірі: +77750252563
«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында арнайы сессия ұйымдастырылады. Іс-шара «Қайрат» футбол клубы академиясының базасында өтеді және жастардың психологиялық тұрақтылығы, күйзелісті басқару, ішкі мотивацияны дамыту, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерді тиімді еңсеру дағдыларын қалыптастыру мәселесіне арналады. Кездесудің спикері ретінде «Қайрат» футбол клубының спорт психологы қатысады. Ол кәсіби спортта заманауи психологиялық тәжірибелерді қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және эмоционалдық саулықты сақтаудағы менталдық дайындықтың маңызы туралы әңгімелейді. Өтетін орны: «Қайрат» ФК академиясы, Майлин көшесі, 230 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001018815568 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 12:00. Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054
The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Іс-шара аясында әлемнің түрлі елінен келген әртістер world music, ethno fusion және заманауи этникалық музыка жанрларында өнер көрсетеді. Фестивальдің арнайы қонағы – әндерін әлемдегі миллиондаған тыңдарман сүйіп тыңдайтын әйгілі Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds. Фестиваль қонақтары үшін демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері фестивальдің сахна сыртына өтіп, әртістер және ұйымдастырушылармен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, сұхбат алып, жылдың ең елеулі мәдени оқиғасы туралы материал дайындай алады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы ең елеулі мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. Күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Абай алаңы, Алматы Фестиваль алаңы 12:00-де жұмысын бастайды Концерттік бағдарлама 18:00-де басталады БАҚ өкілдерін аккредитациядан өтіп, іс-шара аясында жұмыс істеу үшін фестиваль өтетін алаңға сағат 17:30-да келуге шақырамыз. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 6 маусым сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін +7 (702) 936 9359 нөміріне хабарласыңыздар. WhatsApp: +7 (705) 189 5268, +7 (776) 203 7091 Email: [email protected]
7 маусым күні Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шараға қатысатын арнайы қонақтардың бірі Andru Donalds. Ол композициялары дүние жүзіне кеңінен танылып, бірнеше буынның музыкалық мәдениетіне айналған Enigma жобасының вокалисі. The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Фестиваль заманауи этникалық музыка, world music, ethno fusion және ұлттық әуен мен қазіргі музыкалық бағыттар үндескен түрлі жанрларды ұсынатын, әлемнің әр түкпірінен келген орындаушылардың басын қосады. Әр жылдары фестиваль сахнасында Еуропа мен Азияның танымал артистері мен музыкалық ұжымдары өнер көрсетті. Жоба мәдени байланысты нығайтып, этникалық музыканы насихаттайтын әрі заманауи музыкалық бастамаларды қолдайтын маңызды алаңға айналды. Биыл фестиваль аумағында демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. Фестиваль сағат 12:00-де ашылып, ал кешкі музыкалық бағдарлама 18:00-де басталады. Ұйымдастырушылар қазақстандық орындаушыларды қолдауға және заманауи этно-сахнаны дамытуға ерекше мән береді. Биыл фестиваль аясында алғаш рет этно, фолк және contemporary world music жанрларында өнер көрсететін отандық музыканттар мен топтарға арналған open call ұйымдастырылады. Өтінім фестивальдің ресми сайтында 26 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. bema! Best Experience Marketing Awards – оқиғалық маркетинг пен коммуникация (event marketing және experience marketing) саласындағы халықаралық сыйлық әрі фестиваль. Өтетін күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Алматы, Абай алаңы Кіру тегін
🎉«БАЛАFEST – 2026» — Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды қалалық фестиваль. Мұнда әрбір бала нағыз интерактивті шытырман оқиғаның қатысушысы болады. 🎫Әр қатысушы Bala QR — фестивальдің жеке маршруттық паспортын алады. Балалар тақырыптық аймақтардан өтіп, тапсырмалар орындап, Bala Coins жинап, ғылым, шығармашылық, спорт, AI және заманауи технологиялар әлемін кезең-кезеңімен зерттейтін болады. 🤖Фестиваль бағдарламасында: робототехника, ғылыми эксперименттер, digital-art, киберспорт, шеберлік сабақтары, спорттық белсенділіктер, сыйлықтар, фотозоналар және үлкен концерттік бағдарлама. 🎤Ал басты сахнаның музыкалық хедлайнері — «Альфа» тобы. 📅1 маусым 🕚12:00–16:00 📍Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық сквер 📌Төле би көшесі / Абылай хан даңғылы 💫Баршаңызды «БАЛАFEST – 2026» фестивалінде күтеміз!