«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Халықаралық кемпинг түркі мемлекеттерінің жастары арасындағы достық байланысты нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналады. Іс-шара Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген белсенді жастардың басын қосады. Өтетін орны: Almaty Resorts, Әлмерек көшесі, 1/1 https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000870118?m=76.878451%2C43.174287%2F16 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 12 маусым, сағат 10:00 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы – Толғанай Данабекова +7 706 639 7054
2026 жылы 11 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған іс-шаралар аясында Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді. Форум жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсету, дағдарыс жағдайындағы психологиялық тұрақтылықты нығайту, спорттық психологияны дамыту және жастардың менталдық денсаулығын сақтау мәселесін талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Түркия Республикасы Жастар және спорт министрінің кеңесшісі, министрліктің Психоәлеуметтік қолдау қызметтері департаментінің басшысы Элиф Гүнеш және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі құттықтау сөз сөйлейді. Жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетуге арналған тақырыптық сессия барысында сарапшылар мен мамандар төтенше және дағдарыс жағдайындағы жастарға көмек көрсету тәжірибесін таныстырып, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, еріктілік бастамаларды дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағытындағы тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар күрделі өмірлік жағдайға тап болған жастарды қолдаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылайды. Форумның жеке бір бөлімі спорттық психология мәселесіне арналады. Қазақстандық және түркиялық мамандар психологиялық факторлардың спорттық жетістіктерге әсерін, спортшылардың менталдық денсаулығын сақтау, күйзеліске төзімділікті қалыптастыру және жоғары жүктеме мен бәсекелестік жағдайында нәтижелілікті арттыру мәселесін қарастырады. Өтетін орны: Most IT Hub (Almaty Hub), Қожанов көшесі, 2/2 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001065981797 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 15:30 Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054.
«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында арнайы сессия ұйымдастырылады. Іс-шара «Қайрат» футбол клубы академиясының базасында өтеді және жастардың психологиялық тұрақтылығы, күйзелісті басқару, ішкі мотивацияны дамыту, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерді тиімді еңсеру дағдыларын қалыптастыру мәселесіне арналады. Кездесудің спикері ретінде «Қайрат» футбол клубының спорт психологы қатысады. Ол кәсіби спортта заманауи психологиялық тәжірибелерді қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және эмоционалдық саулықты сақтаудағы менталдық дайындықтың маңызы туралы әңгімелейді. Өтетін орны: «Қайрат» ФК академиясы, Майлин көшесі, 230 https://2gis.kz/almaty/firm/70000001018815568 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 12:00. Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054
The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Іс-шара аясында әлемнің түрлі елінен келген әртістер world music, ethno fusion және заманауи этникалық музыка жанрларында өнер көрсетеді. Фестивальдің арнайы қонағы – әндерін әлемдегі миллиондаған тыңдарман сүйіп тыңдайтын әйгілі Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds. Фестиваль қонақтары үшін демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері фестивальдің сахна сыртына өтіп, әртістер және ұйымдастырушылармен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, сұхбат алып, жылдың ең елеулі мәдени оқиғасы туралы материал дайындай алады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы ең елеулі мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. Күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Абай алаңы, Алматы Фестиваль алаңы 12:00-де жұмысын бастайды Концерттік бағдарлама 18:00-де басталады БАҚ өкілдерін аккредитациядан өтіп, іс-шара аясында жұмыс істеу үшін фестиваль өтетін алаңға сағат 17:30-да келуге шақырамыз. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 6 маусым сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін +7 (702) 936 9359 нөміріне хабарласыңыздар. WhatsApp: +7 (705) 189 5268, +7 (776) 203 7091 Email: [email protected]
7 маусым күні Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шараға қатысатын арнайы қонақтардың бірі Andru Donalds. Ол композициялары дүние жүзіне кеңінен танылып, бірнеше буынның музыкалық мәдениетіне айналған Enigma жобасының вокалисі. The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Фестиваль заманауи этникалық музыка, world music, ethno fusion және ұлттық әуен мен қазіргі музыкалық бағыттар үндескен түрлі жанрларды ұсынатын, әлемнің әр түкпірінен келген орындаушылардың басын қосады. Әр жылдары фестиваль сахнасында Еуропа мен Азияның танымал артистері мен музыкалық ұжымдары өнер көрсетті. Жоба мәдени байланысты нығайтып, этникалық музыканы насихаттайтын әрі заманауи музыкалық бастамаларды қолдайтын маңызды алаңға айналды. Биыл фестиваль аумағында демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. Фестиваль сағат 12:00-де ашылып, ал кешкі музыкалық бағдарлама 18:00-де басталады. Ұйымдастырушылар қазақстандық орындаушыларды қолдауға және заманауи этно-сахнаны дамытуға ерекше мән береді. Биыл фестиваль аясында алғаш рет этно, фолк және contemporary world music жанрларында өнер көрсететін отандық музыканттар мен топтарға арналған open call ұйымдастырылады. Өтінім фестивальдің ресми сайтында 26 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. bema! Best Experience Marketing Awards – оқиғалық маркетинг пен коммуникация (event marketing және experience marketing) саласындағы халықаралық сыйлық әрі фестиваль. Өтетін күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Алматы, Абай алаңы Кіру тегін
🎉«БАЛАFEST – 2026» — Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды қалалық фестиваль. Мұнда әрбір бала нағыз интерактивті шытырман оқиғаның қатысушысы болады. 🎫Әр қатысушы Bala QR — фестивальдің жеке маршруттық паспортын алады. Балалар тақырыптық аймақтардан өтіп, тапсырмалар орындап, Bala Coins жинап, ғылым, шығармашылық, спорт, AI және заманауи технологиялар әлемін кезең-кезеңімен зерттейтін болады. 🤖Фестиваль бағдарламасында: робототехника, ғылыми эксперименттер, digital-art, киберспорт, шеберлік сабақтары, спорттық белсенділіктер, сыйлықтар, фотозоналар және үлкен концерттік бағдарлама. 🎤Ал басты сахнаның музыкалық хедлайнері — «Альфа» тобы. 📅1 маусым 🕚12:00–16:00 📍Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық сквер 📌Төле би көшесі / Абылай хан даңғылы 💫Баршаңызды «БАЛАFEST – 2026» фестивалінде күтеміз!
2026 жылғы 28 мамырда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ерекше форматтағы CYCLE FEST спорттық-музыкалық фестивалі өтеді. Жоба Қазақстанда алғаш рет сайклингті, жанды музыканы, жарық технологиясын және иммерсивті шоу элементтерін бір алаңда тоғыстырады. CYCLE FEST көктемнің ең әсерлі қалалық оқиғаларының біріне айналып, жүздеген қатысушы мен көрерменді біріктірмек. Арена төрінде бір уақытта 300 адам сайкл-тренажерларда синхронды түрде өнер көрсетіп, ауқымды перформанстың бір бөлігіне айналады. Неон жарықтары, визуалды инсталляциялар, динамикалық музыка және live-performance көрерменге ерекше атмосфера сыйлайды. Фестиваль аясында қазақстандық танымал әншілер ZAQ, Bonapart және Abyken Performance Show өнер көрсетеді. Кешті Ілияс Junior Көбжасаров жүргізеді. CYCLE FEST — спорт, музыка, технология және заманауи урбан мәдениетті тоғыстыратын халықаралық трендтегі жаңа жоба. Фестиваль белсенді өмір салтын насихаттап, Қазақстандағы бұқаралық спорттық іс-шаралардың заманауи форматтарын дамытуға бағытталған. Күні: 2026 жылы 28 мамыр Уақыты: 20:00 Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы БАҚ өкілдерін іс-шараны ақпараттық қолдауға шақырамыз. Аккредитация және қосымша ақпарат: +7 777 115 33 55 — Әсел
2026 жылы 22 мамырда Алматы қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатта тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «CITI CUP FLYING BALL» Inclusive Sports Festival for Children инклюзивті спорт фестивалі өтеді. Іс-шараны «Қазақстан пара волейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады. Фестивальдің негізгі мақсаты — бейімделген спортты дамыту, ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу, инклюзивті бастамаларды қолдау және Қазақстанда пара волейбол спортын кеңінен насихаттау. Фестиваль бағдарламасында: ▪️ пара волейбол бойынша шебердің сабақтары; ▪️ көрсетілім жаттығулары; ▪️ бейімделген спорт түрлерімен таныстыру; ▪️ ойын-сауық бағдарламасы; ▪️ қатысушыларға арналған фуршет қарастырылған. Іс-шара соңында мектепке пара волейболды дамытуға арналған спорттық жабдықтар табысталып, қатысушыларға спорттық киімдер мен естелік сыйлық беріледі. Фестивальдің құрметті қонақтары: ▪️ Батыр Қадырбайұлы — Федерацияның бас хатшысы; ▪️ Бауыржан Бақыттыұлы — Федерацияның вице-президенті, Қазақстан Республикасының пара волейбол құрамасының бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы. 📍 Күні: 22 мамыр 2026 жыл 🕚 Уақыты: 11:00-13:00 🏫 Орны: Алматы қаласы, №2 арнайы мектеп-интернат 📞 БАҚ өкілдерін аккредиттеу және қосымша ақпарат: Марғұлан — +7 775 142 79 91