2024 жылғы 12 қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өкілінің қатысуымен «Әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілердің сапасын жақсарту жөніндегі практикалық шаралар» және «Құжаттаудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар өтті.
Семинар аясында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қолдануда шешуші рөл атқаратын заң техникасы мәселелеріне арналған баяндама ұсынылды. Маңызды жағынан заңдардың жоғары сапасын қамтамасыз ететін негізгі критерийлерді қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, семинарда министрлікте іс жүргізу қағидаттары, оның ішінде Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Аталған іс-шара Заң департаментімен Министрліктің, оның ведомстволарының барлық қызметкерлері және азаматтарына ұйымдастырылды.