
Шарын ауылдық округіндегі Қонаев атындағы орта мектебінде 9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы, ұстаздар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры түлектерді маңызды белеспен құттықтап, оларға жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестер тіледі.