
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сүмбе ауылдық округінде тағылымы мол, мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге ауылымызда тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері қатысып, өз ұлттарының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ұлттық ерекшеліктері жайында әңгіме өрбітті. Әр ұлттың мәдениеті мен рухани құндылықтары таныстырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, достық пен сыйластықтың маңызын кеңінен сөз етті. Мазмұнды кездесудің басты мақсаты – ел бірлігін нығайту, ұлттар арасындағы татулықты дәріптеу және ортақ құндылықтарды насихаттау болды. Берекелі басқосу көпшілікке жылы әсер сыйлап, бірлік пен татулықтың қадірін тереңірек ұғындырған тағылымды кездесу болды.
Келіндер сыны жоғары деңгейде өтті 2026 жылғы 7 наурыз күні “Сүмбе орта мектебінің” мәжіліс залында «Жақсы келін – ырысым» атты келіндер сыны байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, қазақ келіндерінің өнегелі қасиеттерін насихаттау, отбасы құндылықтарын кеңінен таныту болды. Байқауға қатысқан келіндер бірнеше кезең бойынша өз бақтарын сынап, өнерлерін, тапқырлықтарын, инабаттылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, қатысушылардың ұлттық нақыштағы киімдері мен салт-дәстүрге деген құрметі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара барысында қатысушылардың өнері әділ қазылар алқасының тарапынан бағаланып, үздік деп танылған келіндер арнайы номинациялармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді. Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор бұл шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға зор үлес қосты.
Сүмбеде Халықаралық әйелдер күні ерекше аталып өтті Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Ауылымыздың азаматы Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен ұйымдастырылған кеште нәзік жандыларға ерекше көңіл-күй сыйланды. Кеш барысында «Алатау серілері» тобы ұлттық өнерімізді насихаттап, көрермендерге әсерлі ән-күй тарту етті. Сонымен қатар айтыскер ақындар Жандарбек Булғаков пен Сырым Асылханұлының өнері кештің сәнін келтірді. Іс-шара аясында Аманжол Рысмендиев өз ұстазына ерекше құрмет көрсетіп, автокөлік сыйға тартты. Бұл игі іс көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, жас ұрпаққа үлгі болды. Мерекелік кеш аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге арналып, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Көктемнің шуақты мерекесі барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Барша нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтаймыз!
6 ақпан 2026 жылы Сүмбе ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нашақорлық – ғасыр дерті, біз болашақты таңдаймыз» атты шара өтті. Іс-шара барысында нашақорлықтың қоғамға және жастарға тигізетін кері әсері, алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берілді.
2026 жылы 6 ақпан күні “Салауатты сана” жобасы аясында Сүмбе ауылдық округінде лудоманияның алдын алу мақсатында аудандық Аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында құмар ойындардың қоғамға, әсіресе жастар тәрбиесіне тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды.Шараның басты мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды зиянды әдеттерден қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.
Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Қатысушыларға субсидиялар, несие бағдарламалары және бизнесті дамыту жолдары жөнінде ақпарат берілді.
Аудандық мәслихат аппараты, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1-1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы Н.Есжанның аудандық мәслихатының және оның тұрақты комиссияларының 2024 жылы атқарған жұмысы туралы халық алдында есеп беру кездесу кестесін жолдайды.